«А» корпусы аламаны: аттан құлағандар аз емес…

0
408


Үш күнде үштен бірінен астамы сүрінді…

Дүбірі елді елеңдетіп отырған  элиталық мемлекеттік қызметкерлерді іріктейтін  А корпусы аламаны басталды.

2013 жылғы 15 мамырда тестілеудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша 146 кандидаттың 103-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 43 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 29%-ы өтпеді.

16 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 141 кандидаттың 86-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 55 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 39%-ы өтпеді.
17 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 148 кандидаттың 100 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 48 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 32%-ы өтпеді.

Сөйтіп, әлиталық мемқызметкерлерге іріктеудің үш күнінде үштен бірінен астамы сүрінді… Арасында әкімдер де аз емес…

Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін созылады. Тестілеу кестесі, номативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ “А” корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Бұдан ерте хабарланғандай, кандидаттар он Қазақстан Республикасының заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.

А корпусы аламаны жайлы алда да нақты мәліметтермен күнделікті хабар беріп отыратын боламыз.
Тізімді қарау үшін басыңыз

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз