ЕЛДІ АЛАЛАП, «СК-Фармацияны» жақтап, ЖАЛҒАН «ЖАНАШЫР» БОЛМАЙ-АҚ ҚОЙ АшетаЕВ!

91
151

Жақсылыққа қуана алмағандардан жақсылық күтуге болмайды

РУстем АшетаЕВ деген Шымкентте дәрі-дәрмектің жоғалып кетіп, бағаларының аспандап кетуіне де, барлығына да, жалпы әлемдегі пандемияға қала әкімі Әйтеновты кінәлі деп жала жапқан жазбасына әкімнің оңды істерін жазып, дәлелдеген компменттердің бәрін жалма-жан өшіруде. Тіпті, өмірін сақтап қалар дәрі таппай өліп кетіп жатқанда, тонналаған дәрі-дәрмектерді қоймаларына екі-үш айдан бері тығып ұстап келген Денсаулық министрлігіне қарайтын СК-Фармацияны әшкрелеген ақын Қазыбек Исаның «Ел дәрі таппай тығылуда, Ал дәрілер қоймада тығылуда» деген мақаласын оқыңыздар» деп, сілтемесін салып қойғанымды да өшіріп тастапты. Дәрінің жоғалып кетуін кінәлап жазып жатқан АшетаЕВқа неге дәрілер дефицитін жасағандарды әшкерелеген, екі жүздей адам көшіріп басқан мақала жақпай қалды?!. Қуана бөлісіп, таратпай ма қайта, іздегені сол емес пе?

Ашетаевқа жақпағаны менің «Дәрі тапшылығына тек әкімдер кінәлі емес! Қаншама адамның өліміне жауаптылар анықталды! Ол -СК-Фармация» деген комментім. Оны да өшірген. Демек, СК-Фармацияны неге қорғаштап қалды ол? Сыбайлас па солармен?

Мен сол топта отырған Мәмбет ағаға, тағы бес -алты Тілектестерге телефон соғып едім, бәрі Ашетаевтың сорақы сөзін естіп, жағаларын ұстап отыр екен?!.

РУстем АшетаЕВке керегі -дәрілердің жоғалып кетуіне Фармация емес, Шымкенттің әкімі ғана кінәлі болуы керек екен. Оның бұл пиғылына қарасаң, дәрілердің жоғалып кетуіне кінәлі компанияның әшкереліп қалғанына өкініп отырған сияқты. Өйткені Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов кінәлі болмай қалды ғой?.. Сондықтан ол постына әкімнің оңды ісін дәлелдеп жазған пікірлердің бәрін өшіріп отыр. Шымкенттік Мәмбет Құрманбаевтың «Айналайын не болды, рувирусың қозып тұр ма ? «Бөлінгенді бөрі жер» деп осыны айтады!»-деп, «ұрлығының» дәл үстінен түскені үшін оның пікірін де өшіріп үлгерген.

Әй, ел жанталасып алысып жатқан коронавирустен рушылдық вирусы асып түскен АшетаЕВ байғұс-ай…

«ШЫМКЕНТТЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ»-деп «Қазақ үні», «Адырна» сайттары қуана қолдап, жазып жатыр. Біз де сайтымызға көшіріп басудамыз. Түркістанда отырған ұлт зиялысы, ғалым Құлбек Ергөбек ағамыз қуанышын бөлісіпті: «Мұрат Айтенов! Жарадың! Өзімізде бар мүмкіндікті білмей келгенбіз ғой. жасанды тыныс алу апаратын жасау жөнінде жылдам шешім!Таразда жасайды. Енді Шымкентте шығарады! Ура!
Жабырқау халықты мына хабар жадыратар, иншалла!
Мұратжан ісің оң! Аурухана ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамту, дәрігерлік бригада ұйымдастыру … бәрінде ілкімділік танытып келесің!
Орынбасарлар оңала бастаса жүре емделер, мына істерді қолдасып кетсін, жұмысқа шықсын!
Біз әкімдерге кінә артатын жағдайда емеспіз! Біз әкімдерді орынбасарларына қоса қолдайтын сын сәтте тұрмыз!
Міне, осындай жағдайда Шымкент шахарының әкімі халыққа қамқор перзент бола білді!
Өркені өссін!
Әкімге тікелей қарамайтын, шешімін таппаған мәселелер аз емес. Оны министрге, Премьерге, тіпті Президентке жазуымыз керек!
Біріңді қазақ бірің дос көр, бауыр тұт!
Қазақ тағдыры сынға түсіп тұр!»-деп ағынан жарылыпты ағамыз. Қайтсін енді?! Осыдан екі күн бұрын бауыры, оңтүстікке белгілі зиялы азамат Сапарбектен тура осы індеттің кесірінен айрылып отырса…
Белгілі журналист Абай Балажан да өзінің пікірін білдіріп, бағамына байланысты оңды ойларын айтыпты.
Шымкенттің тұрғындары ғана емес, ел болып қуанып жатыр желіде. Бірақ ол туралы ел саулығын «ойлағыш» Рустем шолақ белсенді жұмған аузын ашпайды. Індетпен «күрескіш» Ашетаевта үн жоқ! Қуана қолдаудың орнына қайта қарсы шығып бірдеме деп оттапты.
Рустем інісіне аға боп ақыл айтудың орнына, алдына түсіп алып далақтап шапқан, әкім өз орнында, әжептеуір жұмыс істеп жатса да, орнына басқа адам іздеп, кезінде өзі қолына су құйған руластарын ұсынып әлек боп жүрген Өмір Шыныбекұлы деген ақсақал «ағартушыда» да үн жоқ – қарайып кеткен ұсқындары! Бұрында да жетісіп тұрғандары шамалы еді… АшетаЕВтың постының астында шибөрінің артындай шулағандардың бірі де жоқ.

Құдай біледі, ертең Шымкенттің өкпені желдету аппараты сәтті шығып, ел жазылып жатса мыналарың бұл түрлерімен қуана қоймайды-ау мынандай пиғылдарына қарасаң…

Жақсылыққа қуана алмағандардан жақсылық күтуге болмайды!

Иә, сендердің пиғылдарың белгілі болды РУстем АшетаЕВ! Тек әкімді қаралау үшін тапсырыспен жазып отырсың ғой президентке жазған хатыңды.
Иә, жерлесің Азамат Еркебайұлы турасын жазған:
«Рустем Ашетаев
Сіздің мақалаңызбен мүлдем келіспеймін! Біріншіден, әкім барлық мүмкіндікті пайдаланып мәселелерді реттеп жатыр!
ИВЛ дәрі-дәрмек мәселелерін үкіметке жалтақтамай шешімін тапқан республикадағы жалғыз әкім!
Екіншіден,сіздің мақалаңыз негізсіз айыптаулардан құралған!
Үшіншіден, сіз кімсіз бүкіл қала халқының атынан сойлеп, әкімге отставкаға кет деп айқайлайтын!
Адам біреуді қараламастан бұрын өзіне бір сәт қарап алып, мән бергенін жөн деп санаймын!
Жоғарыда сіз әкімдікке барғаныңызда «әкім емес орынбасарлары қабылдады» деген екенсіз, осы сөздеріңізді оқып, әкімнің сізді жеке қабылдамағанына ашуланып қаламыңызды ақылмен емес ашумен сілтеп жібергеніңізді байқадым!
Бұл менің ойым және қала тұрғындары да келіседі деп ойлаймын!»-деп, басынан шертпек алғандай ұрып тұрып санап беріпті…
Сен өйтіп, елді алалап, өтірік «әділет іздегіш» болмай-ақ қой бауырым! Шындығын айтайық, шынжырыңның ұшын кімдер ұстап, айтақтап отырғаны белгілі болды…

Менен 8 жастай кішілігің бар екен, сен деп отырғаныма ренжіме. Біздің елде оның үстіне үлкенге де сен дей береді кейде…

Бірлік бар жерде тірлік бар. Сонда ғана бұл індетті жеңетінімізді ұмытпау керек бауырым!

Махамбет ЕРҒАЛИ,
Gu-gu.kz

91 ПІКІРЛЕР

  1. Қазіргі өршіп тұрған аурудан қаншама дарындыларымыздан, елге белгілі қайраткелерімізден, әр үйдің ұйытқысы болып отырған отбасы мүшелерінен айырылып, қайғымызды қан жұтып жатырмыз. Осы кезде дәрі-дәрмектің дер кезінде болмауы салдарынан қаншама жақындарымыздан айырылдық. Белгілі топтың қолдан жасаған дефициттің кесірінен қаншама жан о дүниеге аттанды. Осы жағдайдың туындауына себепкер болып жатқандарды қорғаштап тұрған Рустем Ашетаевтың мақсаты кінәлі СК Фармацияны қорғаштап, «олардың еш кінәсі жоқ, олардың жұмысы бизнес» деп, дәрі-дәрмектің жоғалып кетуіне де тек қала әкімін кінәлі етіп көрсетудің ар жағында «саяси» құйтұрқылық, рушылдығы асқынған бейшаралығы көрініп тұр. Алайда, қаншама адамның тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрғаны Рустем Ашетаевқа маңызды емес, оған тек осы ел қасіретін «саяси жеке мақсатына пайдалану ғана болып тұрғаны не деген жиіркенішті еді…

  2. Сатқындық қой Ашетаевтың Дәрілерді тығып қойып елді қырған СК Фармацияны жақтағаны

  3. Осы жоғарыда аталған фактілер бойынша, қылмыс жасаған саудагерлер мен жеке меншіктегі апттека иелерінің қылмыстары айқындалып жатса, лицензиясынан айыру, осындай елімізде ауыр күндерді бастан өткізіп жатқан кезеңде өз басының қамы үшін, еліне жаны ашымайтын қылмыскерлерді қатаң жазалау керек. Тек қана фармацептика сферасындағылар емес азық-түлік магазиніндегі, оларға тауарларды жеткізіп беруші орындарды да қатаң қолға алу қажет. Жау жағадан алғанда,бөрі етектен алады деген сөз жай айтылмаған жоғарыда отырған елдің мұңын мұқтажын жан айғайын, өзімнің мұңым деп білетін азаматтар оянар уақыт жетті. ел сенімін ақтаймын деп жүрсіздер ме ал наныңды адалдап алыңдар,

  4. Бұ биліктің тапсырмасын орындаушы адам. Қасында қатауов, қыстаубаев деген достары бар. Өтірік белсенді боп жүргендер. 3-4ж бұрын фбда жазған едім

  5. дені сау адам бұлай лаң салмайды. Бүгін бір чаттағы аудиосында дәрілерді қоймаларына толтырып тығып қойып, елдің қырылуына себеп болған СК-Фармация компаниясын қорғапты: «олардың жұмысы -бизнес, олар адам денсаулығына жауап бермейді»-деп. Енді ауру емес деп көр Ашетаевты

  6. Айналайын Махамбетжан, өте сауатты, өте нақты дәлелдермен сыпайы ғана жазған екенсің.
    Біздің қазақтың түбіне жетіп келе жатқан осы ата-атаға бөлініп, бір-бірімізді аяқтан шалу ғооой. Тағы да бір сорымыз болып тұрған қасиет — үлкеннің сөзін үлкен айтты екен демей, сыңарезулеп менікі жөн деп езбелей беретініміз.
    Өткенде Құлбек Ергөбек аға ортамызға керемет ағалық ой тастады емес пе?! Кезінде Абылай ханды Қапан мерген атпақ болып мосылы мылтығын дайындап жатқанда, Бекболат би ,,Аталы сөзге арсыз тоқтамас» деген. Тоқтат!»,– деп, ушығып тұрған дүниені бір ауыз сөзбен бітірген жоқ па еді? Ендеше, біз неге осыншалықты тырнақ астынан кір іздей беретін, ,,жантықшыл» ұрпаққа айналдық?
    Одан да қолымыздан келсе болған ердің қосын жегіп, жетегіне ілесе бермейміз бе?
    Дәл қазіргі кезең бұра тартып, ауызға не келсе соны тантып отыратын кезең бе? Шын жанашыр адамдар, ат басынан алысты көре алатын азаматтар әсте, бұлай етпесе керек-ті!

  7. Түріне де, тірлігіне де қарасаң жақсылық шығатын адам емес қой мынауың

  8. Жерлестер, күрмеуі қиын, күрделі мәселені қолға алып жатқан ӘКІМді қолдайық! Аяқтан шалмай, өсек сөзге ермей,руға бөлінбей, халық үшін көмектесейік, ағайын!
    Оянайық , жігіттер!

  9. Айналайын әлеумет ұлтым қазақ деген азаматтар! Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді, болмас елдің баласы бірін бірі қатын дейді демекші бұл Рүстем Ашетаев өзі елдің ауызбірлік пен ынтымағын ойламай шамасы келсе келген әкімдерді руына қарай ілік іздейтін трайбалист дертіне ұшыраған жігіт екен ! Келген әкімдердің еңбегіне мән беру жоқ ! Білмедім бұл жігітті ішінде сасыған індеттің залалы күндеушілік дертке айналған ау ! Ат төбеліндей қазақ бір бірімізді қолдаудың орнына аяқтан шалу рувирусын асқындырғаны орынсыз ғой ! Оданда барып сол дерттен емделгені өзіне пайдалы болар еді !

  10. Даудың басы Дайрабайдың ала сиыры демекші мына кезеңде басымызға, елімізге келген қаралы қасіретті індеттің әлегі ғой ! Әрбір азамат шама шарқы келгенше қармануда. Махамбет Ерғали інімнің де басқа да желі қолданушы азаматтар да қолмен көмек бере алмасақта, жылы сөзбен айтып сөз жәрдем берерміз, бірақ сол сөз айтқан адамдарды аңдып аяқтан шалар трайболизм дертті рувирусты ағайындар пайда болып, өзі аз ғана қазақпыз ғой сол араға жік салуы, бірін бірі кемсіткені ұяттау болып тұр ! Бар қазағым бір қазақ! Болар елдің баласы секілді бір біріңді батырым деп ынтымақты болса!

  11. Жіпке тізіп, жілігін шағып тұрып, елге ап-айқын жеткізіпсіз

  12. Істелінген істі көріп, бағалай білу – ол азаматтыққа жатады.
    Рушылдықты қойып, іскер кәсіпкерлердің істеген жетістіктеріне қол сұғып, сұғанақтықтық жасамастан, өнер тапқыш жастарды руына қарамай қолдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын болсақ ендігі өркендеген елдердің қатарында болар едік.

  13. Қазіргі өршіп тұрған аурудан қаншама дарындыларымыздан, елге белгілі қайраткелерімізден, әр үйдің ұйытқысы болып отырған отбасы мүшелерінен айырылып, қайғымызды қан жұтып жатырмыз. Осы кезде дәрі-дәрмектің дер кезінде болмауы салдарынан қаншама жақындарымыздан айырылдық. Белгілі топтың қолдан жасаған дефициттің кесірінен қаншама жан о дүниеге аттанды. Осы жағдайдың туындауына себепкер болып жатқандарды қорғаштап тұрған Рустем Ашетаевтың мақсаты кінәлі СК Фармацияны қорғаштап, «олардың еш кінәсі жоқ, олардың жұмысы бизнес» деп, дәрі-дәрмектің жоғалып кетуіне де тек қала әкімін кінәлі етіп көрсетудің ар жағында «саяси» құйтұрқылық, рушылдығы асқынған бейшаралығы көрініп тұр. Алайда, қаншама адамның тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрғаны Рустем Ашетаевқа маңызды емес, оған тек осы ел қасіретін «саяси жеке мақсатына пайдалану ғана болып тұрғаны не деген жиіркенішті еді…

  14. Қаншама адамның обалына қалған СК Фармацияны ақтаудың ешбір жөні жоқ. Не десе де Ашетаевтың айтқаны миға қонымсыз. Дəрі тапшылығы тек ғана Шымкентте орын алған болса онда əкімді кіналауға болушы еді. Жалпы ел бойынша орын алған олқылыққа бір ғана Шымкенттің əкімі кінəлі емес шығар.

  15. Ашетаев секілді СК Фармация секілді медициналық саланың әдейі халықты басқа жаққа қаратып, сол халықтың денсаулығына арналған дәрі дәрмектерді саудалауға кесірі тимесін деп трайболизм дертін қозғатып салып қойған СК Фармация тыңшысы ғой !

  16. Айналайын асыл ерлер бір-біріңді аяқтан шалып тырнақ астынан кір іздемей сценарий менарийлерді жинастырып ел болуды ойлаңдарш ,жетер!

  17. Иә Махамбет бүкіл халықтың мақсаты елге келген атың өшкір індетпен әлек. Еліміздің дертке қарсы берілетін дәрі дәрмек жөнінде, ал ниеті басқа ел туралы емес, елге келген әкімдерді руына қарай артынан шырақ алып із кесуші трайболизмнің ішінде рувирусқа ұшыраған вирусты ағайындар неге ел тағдырына назар аудармайды? Әлде сол асқынған дертінен басқа ата текті талдауға көшіп әлек пе ?

  18. Дәрілердің бәрін, тыныс алу аппараттарын тығып тастап мыңдаған адамның өліміне себепші болған СК Фармацияны ақтап, қорғап отырған жау ғой мынау Рустем Ашетаев қарасартың да…

  19. Ээ, қазағым…..
    Қазаққа енгізілген бұл дерттің ваксинасы ол Сана….
    Бұл эпидемиялық індеттің авторы, архивтер деректерінен-ол Екатерина патша… Иә, кезінде патша уәкілдері Екатеринаға мынадай мазмұнда хат жолдайды: » ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛЫҚТЫ БАЛТАМЕН ШАУЫП АЛА АЛМАЙСЫН, ДЕЙ КЕЛЕ, ОСЫ ДАЛАДА САКСАУЛ ДЕГЕН АҒАШ ӨСЕДІ, ОНЫ БАЛТАМЕН ШАУЫП АЛА АЛМАЙСЫҢ, ОНЫ АЛУ ҮШІН ОНЫ ӨЗІНЕ-ӨЗІН ҰРСА ҒАНА ЖАРЫЛАДЫ, ДЕЙ КЕЛЕ,…. ОСЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАЗАҚҚА ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНАДЫ…. СОНДА ҒАНА ДАЛА ХАЛҚЫН ЖЕҢЕ АЛАМЫЗ ДЕГЕН ЕКЕН….
    Міне Ресей патшалығының сол эпидемиялық індеті жемісін осы күндері де беруде, өкінішті ақ…
    Менің пікірімше, феодалдық сана аясындағы зиялы қауым өкілдері әле де жастардың санасын улауы жалғасуда…
    Ағайындар,жақын туыс туысқаннан құдай ажыратпасын дей келе,руластық фанатизмнен арылу қажет,елдік мудде бірінші болса,саналы азаматтар арта түссе деймін….
    Өз басым, біраз қызметтік жолымдағы принципім-ол ең бастысы, дұрыс азамат болса болды,жүзі мен руына қарамай,ол менің идеялас әріптесім,досым,керек болса туысым….Себебі бізде бірақ мүдде-ол тазалық,адаллық және принципшілдік позициядан ауытқымау… Иә,оңай жол еместігі, бірақ тәрбиелеген жастарың,ісің мен ізің қалары сөзсіз…
    Оны мақтанышпен айта алам да- ол Шәкірттерім….Әріптестерім….

  20. Бұл Ашетаев дегенің елдің мұңын айтқан боп, рушылдықтың отын тұтатып жүрген, қожайындарының сүйек лақтырып, айтақтағанына мәз болып жүрген ит қой. Сол ит боп қалатынын сезбейді ғой бұндай топастар.

  21. Керемет! Алла разы болсын Сізге! Мына жерде Сіз атын атаған екі кісіні мат жасапсыз, өте жағымды жаңалық! Алла жар болсын әкімге, еліміздегі ең еңбекқор, жұмысына берілген әкім деп толық сеніммен айтуға болады!

  22. Шырыайлы шымкент халқының түбіне жүзің күйгір жүзге руға бөлу жетеді.

  23. Жарайсыз аға Ашетаевтің аузына құм құйыпсыз. Бəсе көрінбей кетті Ашетаев.

  24. Халық ем таба алмай жатқанда, осындай жауыздар қайдан пайда болады?!

  25. Осы Ашетаевтар елді ақымақ көре ме екен, не үшін жүгіріп, жап-жақсы жұмыс істеп жатқан әкімге жала жауып жүргенін білмейтіндей. Маскасы шешіліп қалғанын да білмесе айнаға қарасын.

  26. Рүстем Ашетаев КНБ шник продожный шкура құлағы кесілген овчарка ғой

  27. Осы жоғарыда аталған фактілер бойынша, қылмыс жасаған саудагерлер мен жеке меншіктегі апттека иелерінің қылмыстары айқындалып жатса, лицензиясынан айыру, осындай елімізде ауыр күндерді бастан өткізіп жатқан кезеңде өз басының қамы үшін, еліне жаны ашымайтын қылмыскерлерді қатаң жазалау керек. Тек қана фармацептика сферасындағылар емес азық-түлік магазиніндегі, оларға тауарларды жеткізіп беруші орындарды да қатаң қолға алу қажет. Жау жағадан алғанда,бөрі етектен алады деген сөз жай айтылмаған жоғарыда отырған елдің мұңын мұқтажын жан айғайын, өзімнің мұңым деп білетін азаматтар оянар уақыт жетті. ел сенімін ақтаймын деп жүрсіздер ме ал наныңды адалдап алыңдар,

  28. Махамбет тура айттың! СК Фармация секілді медициналық салаға таптырмас сылтау ғой ! Ал Рүстем Ашетаев секілді рушыл азаматтарды қасақана ел арасын жіктеп ерегістіріп қойып өз жоспарларын жүзеге асыру айласы ғой !

  29. Ерали Кушетов , дұрыс айтасыз, Ашетаев сияқты араны үшін СК-Фармацияны ақтап отырған антұрғандар аз емес!

  30. Айналайындар кім болып барамыз және өзгелер қазақтар бір бірімен руға бөлініп қырылысып жатыр деген дұрыс па ? Алаланып бөлінгеннің әсері тиіп халықтың денсаулығына алаңдаған жан кемде кем болып барады! Ағайын тағы айтамын трайболизм дерті туралы емес, елдің амандығы туралы ойланайық! Келген әкімдер оларда осы осы оңтүстіктің тумасы. Өз туған өлкесіне жанашырлық танытары анық!

  31. Шынында да Ашетаевтың жеке пасық мақсаты үшін дәрілерді тығып қойып, мыңдаған адамның өлуіне себепші болған СК Фармацияны қорғаштауы өте жиіркенішті!

  32. Қарға қарғаның козін шуқымайды,ажал қусқандардың обалы жібермесін

  33. Айналайын киелі оңтүстігім ешкімді жатырқамаған, ешкімді алаламаған құтты мекен ғой ! Алла тағала еліміздің басына мынадай сынақ дертін берген кезде елмен бірге көптің қамын жеп, халықтың денсаулығына алаңдаған азаматтардың істеп жатқан ісіне мін тағып, келген әкімдерді жеке руына қарай артынан кір іздеп, аяқтан шалу трайболисттік дерт шалған рувирусты ағайындар саңықұлақтай қаптап, денсаулық сақтау мекемелері, дәріханаларды аралап халықтың денсаулығына байланысты емдеу шарасын аралап халықтың жағдайын бақылаған әкімдердің аяғынан шалу! Өздері қай ілік бар сол ілікті басты қару етіп жүрген Рүстем Ашетаев, Алтай Нұрмағамбет, Амангелді Қалыбек секілді трайболизм дертті жігіттердің әрекетіне қарап ҚАЗАҚТЫҢ жігіттері ұсақталып осыншалықты арамзапікірлі болар ма ? Одан қайта ұйымдасып ауызбірлік қылып халықтың жағдайына назар салмай ма ?

  34. Арбир адамнын ой ориси, сана сезими, пикири артурли.Онын мын сан еки факторы бар, ягни, кай онирде туып оскени, алган тарбиеси, билими, оскен ортасы, жумыс ортасы т.б. деген сиякты. Пикирлердин сайкестиги болуы арине, мумкин. Бирак, ел, халык камы ушин, когам муддеси ушин жеке пикирди ысырып тастап, ортак мамилеге келу казаки, азаматтык парызымыз болуы миндет!!!

  35. Геройхан аға бұрын қолдаған шығар оларды. Қазір рушылдардың қолжаулығына айналған Ашетаевтың маскасы шешіліп, масқара болғасын, бәрі теріс айналып кетті, айыптап жатыр.

  36. Жігіттеріміз осынша трайболизм мен рушылдық дертіне ұшырағаны өкінішті ! Өкінішті жігіттеріміз осыншама ұсақталып өнбес дауды даулаған. Елдің амандығы мен жағдайына көңіл бөлмей өзіндік трайболизм дертіне ұшырағаны!

  37. Бұл Ашетаев дегенің елдің мұңын айтқан боп, рушылдықтың отын тұтатып жүрген, қожайындарының сүйек лақтырып, айтақтағанына мәз болып жүрген ит қой. Сол ит боп қалатынын сезбейді ғой бұндай топастар.

  38. Дәрілердің бәрін, тыныс алу аппараттарын тығып тастап мыңдаған адамның өліміне себепші болған СК Фармацияны ақтап, қорғап отырған жау ғой мынау Рустем Ашетаев қарасартың да…

  39. Тілеуқабыл Сүлейменұлы өте керемет ай! Осындай аталы сөзге құлақ асар азаматтар болса әсіресе Рүстем Ашетаев, Алтай Нұрмағамбет секілді жігіттер !

  40. Көрінген бұтаныда сүзуге шығыпты ғой енді бұқа құсап Рүстем Ашетаевың!

  41. Иә дерттерің бір екені көрініп тұр екеуіңде ішітар көреалмаушылық трайболизм дертті екендерің!

  42. Еліміздің дертке қарсы берілетін дәрі дәрмек жөнінде, ал ниеті басқа ел туралы емес, елге келген әкімдерді руына қарай артынан шырақ алып із кесуші трайболизмнің ішінде рувирусқа ұшыраған вирусты ағайындар неге ел тағдырына назар аудармайды? Әлде сол асқынған дертінен басқа ата текті талдауға көшіп әлек пе ?

  43. миына құйып тұрғандай түсіндіріпсің ғой анау боғауызға! Жарайсың!

  44. Ашетаевқа жақпағаны менің «Дәрі тапшылығына тек әкімдер кінәлі емес! Қаншама адамның өліміне жауаптылар анықталды! Ол -СК-Фармация» деген комментім. Оны да өшірген. Тіпті, мені блокқа қойыпты, шындыққа шыдамай ойбайлай қашып, үйшігінің есігін тарс жауып алыпты… Демек, СК-Фармацияны неге қорғаштап қалды ол? Сыбайлас па солармен? Солай-ау деймін, өйткені бір чаттағы, «Тілектестер» тобында болуы керек ұмытпасам, аудиосында дәрілерді қоймаларына толтырып тығып қойып, елдің қырылуына себеп болған СК-Фармация компаниясын қорғапты: «олардың жұмысы -бизнес, олар адам денсаулығына жауап бермейді»-деп. Артынша миы кейін істеген болуы керек немесе одан гөрі ақылдырақ біреуі кеңес берген болуы керек, жалма жан өшіріп үлгеріпті аудиосын. Енді ауру емес деп көр Ашетаевты…
    РУстем АшетаЕВке керегі -дәрілердің жоғалып кетуіне Фармация емес, Шымкенттің әкімі ғана кінәлі болуы керек екен. Оның бұл пиғылына қарасаң, дәрілердің жоғалып кетуіне кінәлі компанияның әшкереліп қалғанына өкініп отырған сияқты. Өйткені Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов кінәлі болмай қалды ғой?.. Сондықтан ол постына әкімнің оңды ісін дәлелдеп жазған пікірлердің бәрін өшіріп отыр. Шымкенттік Мәмбет Құрманбаевтың «Айналайын не болды, рувирусың қозып тұр ма ? «Бөлінгенді бөрі жер» деп осыны айтады!»-деп, «ұрлығының» дәл үстінен түскені үшін оның пікірін де өшіріп үлгерген.
    Әй, ел жанталасып алысып жатқан коронавирустен рушылдық вирусы асып түскен АшетаЕВ байғұс-ай…

  45. Махамбет Ерғали інімнің де басқа да желі қолданушы азаматтар да қолмен көмек бере алмасақта, жылы сөзбен айтып сөз жәрдем берерміз, бірақ сол сөз айтқан адамдарды аңдып аяқтан шалар трайболизм дертті рувирусты ағайындар пайда болып, өзі аз ғана қазақпыз ғой сол араға жік салуы, бірін бірі кемсіткені ұяттау болып тұр ! Бар қазағым бір қазақ! Болар елдің баласы секілді бір біріңді батырым деп ынтымақты болса!

  46. Рустем, ақын ағамыз Қазыбек Исаға тиіскенің ұят болған екен. Махамбет Ерғали бауырымды да блокқа тығып қойыпсың. Айтақтаушылар болса, ондай нәрсеге ерме, ақылға кел, інім.

  47. Қажымұқан Ғабдолла , дұрыс айтасыз, айтақтаса, әркімнің балағына жабысатын кәнден ғой Рустем дегенің

  48. Қажымұқан Ғабдолла , ойыңыз дұрыс! Бірақ ақылды ақылы барға айту керек Ашетаевта миын жаулап алған рушылдықтан басқа түк жоқ!

  49. «СК Фармацияны ақтап, қорғап отырған жау ғой мынау Ашетев қарасартың» дегеніңіз тура тауып айтылған сөз екен! Енді елдің бәрі Ашетаевты қарасарт дейтін болды))). Ашетаевты «Қарасарт» деген жаңа атымен құттықтайын десем, мені блокқа жіберген, қақ маңдайынан ұрған комменттерімнен қорқып ит үйшігінің есігін жауып алған))))

  50. Рүстем Ашетаев пен Алтай Нұрмағамбет секілді жігіттер ел басына қандай қиындық туып жатқанына емес, сол халықтың денсаулығына байланысты алаңдап дәрі дәрмек пен медициналық аппараттардың халықтың денсаулығына қызмет етуін қадағалап, шамасы келген азаматтарды сыртынан талдап, әкімі бар ма, ақыны бар ма бәрін ру руын жіктеп трайбалисттік яғни рувирусы қозып кескестеумен әлек. Келе келе енді Ұлттық Қоғамдық Кеңестің мүшесі Қазыбек Исаға да кәндек иттерше жабыса бастағаны ұяттау болды ! Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейтін кең пейілді қазақтың жігіттеріне сай келмес трайболизм дерті асқынып бара жатқан сияқты ғой ! Өнбес дауды даулаған өшер елдің баласы демекші осындай Рүстем Ашетаев, Алтай Нұрмағамбет секілді жігіттер не болып барады ? Әттең ай нағыз ұлттың даулайтын жігіттер трайболизм дертіне ұшырағаны өкінішті !

  51. Фармация мен мед. Қорды жақсылап тексеріп, кінәлілерді жазалау керек. Сақтандыру қорына үнемі бір біліксіз, жемқорларды қайдан тауып алады осылар. Соған қарағанда жоғары биліктегілер де сау сиырдың тезегі емес.

  52. Бірақ ақылды ақылы барға айту керек Ашетаевта миын жаулап алған рушылдықтан басқа түк жоқ!

  53. Ей-Назар Назаралы , «СК Фармацияны ақтап, қорғап отырған жау ғой мынау Ашетаев қарасартың» дегеніңіз тура тауып айтылған сөз екен! Енді елдің бәрі Ашетаевты қарасарт дейтін болды))). Ашетаевты «Қарасарт» деген жаңа атымен құттықтайын десем, мені блокқа жіберген, қақ маңдайынан ұрған комменттерімнен қорқып ит үйшігінің есігін жауып алған))))

  54. Осы алауыздық сол СК Фармация секілді медициналық салаға таптырмас сылтау ғой ! Рүстем секілді рушыл азаматтарды қасақана ел арасын жіктеп ерегістіріп қойып өз жоспарларын жүзеге асыру айласы ғой ! Ал Рүстем Ашетаев, солардың жалданбалы сарбазы ғой шамасы!

  55. Қалеке Шымхан, сіз «Рүстем Ашетаев КНБ шник продожный шкура құлағы кесілген овчарка ғой»-деп білгесін айтқан секілдісіз

  56. Өйткені Ашетаевтың адамдардың дәрі таппай өлуіне кінәлі СК Фармацияны жақтағаны оның сатқындығын анық білдіреді

  57. Біздің жақта Қарасартов деген Ұлы ақын Шәкәрімді атқан НКВД-шник бар еді. Мынау Ашетаев қарасартың соның Ізбасары болды ғой

  58. Басқасы басқа, рушылдығы өз алдына, Ашетаевтың «СК Фармацияның ісі бизнес, олар кінәлі емес» дегені барып тұрған сатқындық!

  59. Ақыл айтар бір ақсақал жоқ па бұларға? Қазір айтысып, рушылдықпен әкімді қаралайтын заман ба?

  60. Қазына қарттарДың кетті ғой бәрі. Өмірзақ Ақжігіт ағамыз айтқандай «рушыл көксоққандар» қалды

  61. Аятбек, сол Өмір Шыныбекұлы деген рушыл мұғалім Ағасы ғой яашетаевты айтақтатып, пілдерге шәуілдетіп кәнден жасап жатқан

  62. Аятбек, сол Өмір Шыныбекұлы деген рушыл мұғалім ағасы ғой Ашетаевты айтақтап, пілдерге шәуілдетіп кәнден жасап жатқан

  63. Ашетаевтың өзінде ес, басында ми жоқ топас па сонда ағалары айтса шәуілдеп шаба беретіндей?

  64. Бұл Ашетаевың, Өмір Шыныбекұлың бәрі жазылмайтын аурулар, рувирус деген індетке шалдыққан

  65. Балағынан боғы ағып жүріп, артын тазалап алмай әкімнен бастап, жұртты ққаралағыш екен мынауың

  66. Жақсылыққа өуана білетін адамға ұқсамайды ғой ұсқыны мына неменің

  67. Жақсылыққа Қуана білетін адамға ұқсамайды ғой ұсқыны мына неменің

  68. СК Фармацияны не үшін жақтап отыр бұл? Дәрілерді тығып тастап, қаншама адамның өліміне себепші болғаны үшін бе?

  69. Қуаныш Құдайберген , дұрыс айтасыз, бойының бәрін рушылдық уы жайлап алса, қалай жақсылыққа қуанады бұндайлар!

  70. Осы Бұрын рушылдықты білмейтін Оңтүстікке Асанбай Асқаров басшы болып келгеннен басталды дейді білетіндер

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз