Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

0
334

Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, Әбішев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жариялануға жатпайтындығы хабарланады. Ол 2018 жылы вице-министр болып тағайындалды. Бұған дейін Әбішев 2015 және 2018 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-да басшылық қызметтер атқарған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз