Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Берік Шаханов қайтыс болды.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Жазушылар одағының мүшесі Жанарбек Әшімжан хабарлады.
Берік Шаханов «Ғашықтың тілі», «Ақ иірім», «Қаратаудың самалы» секілді бірқатар кітаптардың авторы.
Жазушын 2008 жылы Президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.
Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.