Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

0
200

Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы барысында осылай деді.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар, технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Судың 40%-ы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық фнталандыру шараларын әзірлеу қажет, – деді ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз