Бұрынғы денсаулық сақтау министрі қамауға алынды

0
169

Қырғыз Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев 15 қарашаға дейін қамауда болады. 

Бұл туралы «Орталық азия жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Экс-министрдің туыстары оның ел астанасында 1-ші тергеу изоляторына жеткізілгенін хабарлаған.

Экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет Чолпонбаевты 15 қыркүйекте абайсызда және қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын.

Қырғыздың қаржы полициясының дерегінше, Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары қызметтік жағдайын асыра пайдаланды, консультациялық қызметтер көрсету үшін пайдасыз келісімшарт жасады, бұл мемлекеттік бюджетке 9 миллион сомға жуық шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Космосбек Чолпонбаев денсаулық сақтау министрі лауазымын 2018 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз