Жас қыздар массаж жасайтын жасырын салонды Нұр-Сұлтан полицейлері тауып алды

0
211

Нұр-Сұлтанда «Учаске» деген алдын алу шарасы аясында түнгі қаланы тінтіп жүрген полицейлердің қырағы көзі Темірқазық көшесіндегі коттеджге түсті, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында бұл коттедждің массаж қызметін ұсынатын қыздарға жалға берілгені ашылды. Салондағы қыздар қалталы клиенттеріне массаж ғана емес, интим қызметтерді де қымсынбай көрсете беретіні анықталды.

Салонның иесі 26 жастағы бойжеткен екен. Оған қатысты үй-жайын жезөкшелікпен айналысу мақсатында жалға бергені үшін ӘҚБ Кодексінің 450 бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, ол карантиндік режим талаптарын бұзған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті карантинді сақтамау коронавирустың таралуы қауіпін тудыратынын және карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз