Димаш ауруханаға түсіп қалды

0
6517

Жуырда елге келген «сүйкімді сүрбойдақ» Димаш Әділет оңбай құлап, ауруханадан бір-ақ шықты, – деп жазды «Айқын» басылымы.

«Дәл сол кезде мен салмағы 16 келі болатын итімді көтеріп, табалдырықтан түсіп келе жатқан едім. Итімнің буындары әлсіз болғандықтан, өздігінен түсе алмайтын. Қолым бос болмағандықтан, қоршаудан ұстай алмадым. Аяғым тайып кетіп, оңбай құладым. Орнымнан тұра алмадым. Жедел жәрдем келіп, жігіттер омыртқаның төменгі бөлігі мен құймышақ сынған болуы мүмкін екенін айтты.

Сегіз сағат ауруханада болдым. Ауруханада шешілмеген мәселе көп екен. Дегенмен жақсы қарады. Бақытыма орай, омыртқа мен құймышақ аман екен», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Әлеуметтік желіде белсенділігінің арқасында танылған Димаш Әділет – Гарвард университетінің түлегі. 11 жасынан бастап Швейцарияда тұрады. Ауқатты бизнесменнің ұлы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз