Ішкі істер министрлігі сайлау күні өткен митингтерге қатысты түсініктеме берді

0
455

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров парламенттік сайлау күні Қазақстанда митингтер өткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Шынында да, заңсыз шерулер, митингілер, сондай-ақ оларға қатысуға шақырулар ұйымдастыруға әрекет жасалды. Бұл азаматтар жергілікті атқарушы органдар мен прокуратурамен акциялардың заңсыздығы және оларды тоқтату қажеттігі туралы бірнеше рет ескертілді», – деді Заппаров брифингте.

Ол жеке тұлғалар «мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан» бас тартқанын атап өтті.

«Сондықтан қызметкерлер оларды іс жүргізу үшін полиция органдарына жеткізуге мәжбүр болды. Профилактикалық әңгімелесулер өткізілгеннен кейін барлық жеткізілгендер жіберілді. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке ешкім тартылған жоқ», – деп сендірді ІІМ басшысының орынбасары.

Кейбір митингке келгендердің мәліметінше, Жанболат Мамай және Демпартия жақтастары, «Оян Қазақстан» белсенділері арнайы жасақ өкілдері кешкі сағат 19:00-ге дейін қоршаудан шығармай ұстап тұрған.

Еске салайық, Қазақстанда 10 қаңтарда парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға сайлау өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз