«Аңдар секілді денеңді тістеп, түнімен зорлайды»: Қытай лагерінде қамауда болған ұйғыр әйел көрген азаптары жайлы айтты

1
1866

Қытайдың түзету лагерінде қамауда болған ұйғыр әйел Тұрсынай Зиавудун көрген қорлықтары жайлы айтты. Сөзінше, лагерьлерде ұрып соғып қана қоймай, жас қыздар мен әйелдерді күзетшілер жабылып зорлайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрсынай Зиавудун Шыңжаң ауданындағы лагерьде тоғыз ай бойы қамауда отырған. Қазірде тәуелсіз зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, мұндай лагерьлерге миллионнан астам ерлер мен әйелдер жабылған.

Әйелдің сөзінше, лагерьлердегі күзетшілер пандемия басталмай тұрып-ақ бетперде киіп жүрген.

«Олар түнде келіп, ұнатқан жас қыздарды өздерімен бірге «қара бөлмеге» алып кетеді. Бір күні алып кеткендердің қатарында мен де болдым. Бұл менің өмірімде мәңгі өшпес дақ ретінде қалары анық. Ол туралы айтқым да келмейді», – дейді Тұрсынай Зиавудун.

Зиавудун күйеуі қазақ екенін айтады. Бес жыл Қазақстанда тұрып, 2016 жылы Қытайға оралған ерлі-зайыпталардың төлқұжаттары тартып алыныпты. Айтуынша, алғаш рет қамалғанда лагерьдегі жағдай әлдеқайда жеңіл, дұрыс тамақ беріліп, телефонен хабарласу мүмкіндігі болған. Кейіннен әйелдің асқазанында жара пайда болғандықтан бостандыққа шығыпты. Біраз уақыттан кейін қайта Зиавудун лагерьге қайта жабылыпты, ал жұбайы құжаттарын алғаннан кейін Қазақстанға өтіп кеткен екен. Қамауда болған келіншек Қытай билігі Қазақстанда жүрген этникалық ұлттардың туыстарын әдейі мемлекеттен шығармады деген пікірде.

«Екінші рет лагерьге жөнелткенде ол жақта тәртіп пайда болғанын байқадым. Мұнда жаңадан келген әйелдердің әшекей бұйымдары түгел тәркіленді. Менің құлағымда сырға болатын. Сырғамды құлағамнан жұлып алды. Менімен бірген келген егде жастағы әйелдің басындағы орамалы болғаны үшін ішкиіміне дейін шешіндіріп, бүкіл елдің алдында тұрғызып қойды. Байғұс әлгі жерде ұяттан кірерге тесік таппай қалды»,- деп қосты Зиавудун.

Сөзінше, кейуанының бұл түрін көргенде көзінен жас тоқтамапты. Кейіннен Зиавудун сол кісімен достасып кеткен.

Әшекей бұйымдардан бөлек, күзетшілер түймесі не резеңкесі бар киімдердің барлығын шешіп алады екен. Алғашқы айларда лагерьдегілерді үгіт-насихаттық видеолар көріп, ұран жаттауды мәжбүрлепті.

«Бір күні маған Қазақстандағы күйеуім жайлы сұрау салды. Жауап бергеніме қарамастан ұрып соқты. Қорғанғаным үшін одан сайын қатыгездікпен соққыға жықты. Басында мені ауыр затпен ұрып жатыр екен деп ойладым. Сөйтсем күзетшінің ауыр етігі солай тиіпті», – дейді ол.

Түрмеде әйел ауыр соққының салдарынан бірнеше рет қансырапты. Дегенмен күзетшілер «әйелдер үшін бұл қалыпты жағдай» деп назар аудармаған.

Біраз уақыттан кейін күзетшілер әйелдерді бірнеше түнге алып кетуді шығарыпты. Зиавудун ең басында әйелдерді басқа бөлмеге ауыстарады деген ойда болған көрінеді.

«Бір күні, нақты уақыты есімде жоқ, ол жақта уақыт санаудан қаласың, мені және қасымдағы 20-дан асқан қызды бөлмеден алып шықты. Екеуімізді екі бөлмеге апарды. Әлгі қыздың даусын мен де естідім. Оған не істегенін білмеймін, бірақ мені тоқпен азаптап, бірнеше еркек зорлады. Олар зорлап қана қоймай, бүкіл денеңді тістелеп тастайтын. Құдды бір аңдар секілді. Әр түні кемінде үш еркек қорлайды. Бұл аздай, жыныс мүшеңді, тік ішегіңді ұзын тоқ ұратын құралмен қинайды», – деп қосты қамауда болған келіншек.

Зиавудун әлгі бойжеткен қайтып оралғаннан кейін тұйықталып, ешкіммен сөйлеспей кеткенін еске алады.

Зиавудун 2018 жылы лагерьден босатылыпты. Онымен бірге Қазақстанда туыстары барлардың барлығы бостандыққа шығыпты. Төлқұжатын қайтып қолға алғаннан кейін ол Қазақстанға қашып, артынша адам құқығы жөніндегі ұйғыр жобасының арқасында АҚШ қоныстанады. Қазір Түрсынай Зиавудун Вашингтонға жақын кішігірім қалашықта жергілікті ұйғыр әжеймен тұруда.

Айтуынша, лагерьден шыққанан кейін көбі ішімдікке салынып кеткен. Ол жақтан шыққан әрбір адам қайта қалыптарына келуі екіталай деген әйел азаптаудың кесірінен жатырынан айырылғанын айтады.

«Қытайдың мақсаты – біздің, барлығымыздың көзімізді жою. Мұны барлығы біледі», – деп аяқтады сөзін Зиавудун.

1 Пікір

  1. Қытайдың лагеріне түсіп ит қорлықты көріп, арыздың нәтижесінде аман шығып елге оралғанына шүкір етіп,
    қара басының қамын күйіттеуден ары аса алмай, тіс жармай бұғып жатқан бұқпантайлар қаншама…

    Солардың барлығы Сайрагүлдей сайраса,
    Серікжандай зарласа, Тұрсынайдай талмаса,
    Гүлзира құсап айтпаса,
    Азаттыққа шыққан Орынбек
    Куәгер бар қаншама.
    Естімес еді кейбірі
    Қалаулымға Қайрат бармаса.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз