“Әнші-пәншілердің Түркиядан пәтер алуы жай дандайсып кеткендік”: Сәбит Рысбаев

0
10153

Әлеуметтік желідегілер отандық әншілердің Түркиядан пәтер алып жатқанын сынға алғаны белгілі. Көпшілікті әсіресе әншілердің Түрік елінен үй алуға үгіттей бастағаны ашуландырған болатын.

Ал желі қолданушысы Сәбит Рысбаев өнер иелерінің Түркиядан пәтер алуын ” жай дандайсып кеткендік” деді. Бұл туралы ол желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Түркияны мақтау көбейіп кетті. 2009 жылы 1 доллар 1.3 лира болса, қазір 1 доллар 7 лирадан көп. Кей уақыттары 8 лирадан асып кетеді. 11 жылда лира 5-6 есе құнсызданып кетті. Бұл жақсылықтың белгісі емес. Тұрақты экономикада ұлттық ақша құнсызданбау керек. Әрбір доллардың құнсыздануы халықты кедейшілікке жетелейді. Иә, кей көрсеткіштерден алға шықты, әсіресе, әскери технологияны өндіруде.

Ердоғанның өзіне мен қанша риза болсам да, мұсылман елдеріне тән диктаторлық қасиеттер ол жақта да бар. Туған куйеу баласы неше жыл қаржы министрі болды. Ол жақта да туған-туысты байыту әдісі жақсы жолға қойылған. Мен Түркияда оқысам да, сол жаққа барып жұмыс істегім келмейді. Кейбір қазақи комплекстерім болмағанда, Канадаға кетіп қалар едім. Канада Байрактар шығармаса да, соған мотор шығарады. Гастарбайтер болып жүрген неше түрікті көрсем де, бірде-бір канадалық гастарбайтер көрмедім.

Біздің әнші-пәншілердің Түркиядан пәтер алуы жай дандайсып кеткендік. Ол жақта оларды ешкім тыңдамайды да. Жай теңіздің жағасы, табиғаты жайлы болғаны үшін, той-тұмалақтан тапқан ақшасын шашып қайтады. Барселонға барып тұруға шамалары жетпейді. Меніңше, ең жақсысы халықтың әл ауқатының артуы. Түркия да, Ресей де империялистік амбицияларынан айнып, халқына назар аударса, сол кезде кемел ел болады”,- деді автор.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз