Асхат Аймағамбетов: Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек

0
1979

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы барлық оқушылар Мемлекеттік тілде білім алу керектігін айтты.

Бұл туралы министр Azattyq Rýhy сайтына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні».

Аймағамбетов ата-аналарды балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беруге шақырды. Оның айтуынша, қазір қазақ тілінде оқытатын мектептер бәсекеге қабілетті, бұған ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел.

– Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз