Азамат інім, алдымен, біреуге қарсы пікір жазбастан бұрын, өзің ұлт мүддесі мен халықтың өзекті мәселелері бойынша «не бітірдім» деп өзіңе есеп бергенің жөн.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» экоальянсын басқарғаныңа
5 жылдан асты.
Экология мәселесі туралы «ана жерде анадай, мына жерде мынадай» деп айтқаныңмен (ондай сөзді 95 жастағы көрші кемпір күнде айтады) осы аралықта нақты ештеңе бітірмедің.
Қазіргі жүрісің тай шабысты еске түсіреді. Енді келіп «партия құрамын, бәрін қатырамын» деп дүрлігіп жүрсің.
Енді, сіздің тырнақ астынан кір іздеген, орысқұлдардың тапсырмасымен жазған мына сөзіңе келейік.
Сіз тапсырыспен жазып отырған Қазыбек Иса «Тіл майданында»
жан алысып, жан берісіп жүрген қоғам қайраткері, ең белсенді тіл жанашыры. Депутат болмай-ақ та мемлекеттік мәселесі бойынша көптеген игі іс тындырды.
Қазыбек Иса ағаның ерен еңбегін қалың жұрт пен белсенді тіл жанашырлары өте жақсы біледі және жоғары баға береді.
БОЛАР ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ, БІР-БІРІНЕ БАТЫР ДЕР
Жалғыз өзің шәуілдеп, 6 ай уақыт берейік, мандатын тастап шығып кетсін деуің, ешқандай азаматтық, саясаткерлік емес.
Қазақтың дана сөзін ескеріп, ер азамат бол, бауырым!
Азаматхан Амиртай бауырым, сізге ағалық ақылым.
Мына постыңды тез арада өшіріп тастаған дұрыс деп кеңес беремін. Бір-бірімізге ер азамат, батыр дейтін азаматтар көп болсын және сізді солардың қатарынан көргім келеді бауырым!
Құрметпен, Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы,
Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы төрағасы. Тел. 87086297116. Номерімді жақсы білесіз.