Азаматхан Амиртай, кімнен заказ алдың?

0
3164

Сен жалпы саясаттың не екенін қақпайтын дүмше баласың ғой. Саған ставка жасап жүрген адамдарда да тауықтың миы құрлы ми жоқ екен. Өткенде Ербол Мандибек деген өз атын қазақша жазуға сауаты жетпеген біреу Қазыбек Иса ға тиісем деп, Езбол, одан кейін Жербол боп кетіп еді. Енді өз тегіңді қазақша жаза алмай жүрген мына сен Хан емес, Құл екеніңді көрсетіп отырсың.

Тіл жанашырлары Алтынбай Мұса мен павлодарлық Сұңғат айтқандай, осындай таяз оймен қалай өзіңді саясаткермін деп жүрсің Азаматхан Амиртай?!. Қайта бәріміз Тілді ұран еткен Қазыбек Исаны қолдауымыз керек аяғынан тартқанша! Бейшара көре алмастық қой сіздікі шынын айтқанда!

Сіз бен біз, қалың қазақ Қазыбек Исаға Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп 125 мыңнан астам қол жинап, ерлік жасағаны үшін алғыс айтуымыз керек.

Сен өзің он адамның қолын жинай аласың ба? Сен Азаматхан, айтпақшы кешеге дейін тілдің не екенін білмей, қайта митингіде тілді айтамын дегендерге қарсы болып жүр едің ғой? Бізде бұрын ешуақытта 138 адамнан аспаған ресми қол қою.

Парламентке бара салып, Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жасады. Өткенде ол сауалға жартылай жауап бергені үшін Премьер Маминнің өзін сойып салды!

Кімнен тапсырма алдың Азаматхан, Қазақ тілі мәселесін көтерген Қазыбек Исаға қарсы шәуілдеуге? Биліктен бе, орысқұлдардан ба? Егер шыныңды айтып, мойындап, кешірім сұрасаң кешіруіміз мүмін…

Белгілі тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі айтпақшы, сен бір кезде Астанадағы митингіде Жасұлан Исаға мемлекеттік тілді қолдап сөйлеуге қарсы шыққан екенсің, енді Қазақ тілін 35 жылдан бері көтеріп келе жатқан Қазыбек Исаға қарсы шығып, мемлекеттік тілдің қас жауы, бесінші колонна мүшесі екеніңді көрсеттің!

Маскаңның шешілгені құтты болсын!

Ел кім екеніңді біліп жүреді енді.

Махамбет Ерғали

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз