Айбек Нұғымаров Семейде көше мен аренаға Назарбаевтың есімін беруді сұрады

0
6051

Семейде жақын арада Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін. Бұл жаңалықты облыстық мәслихаттың депутаты Айбек Нұғымаров айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Қарағайли ықшамауданындағы атауы жоқ көшелердің бірі Назарбаев даңғылы деп аталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің құрметіне дәл сол ықшамаудандағы спорт кешеніне «Елбасы-Арена» деген атау беру туралы бастама көтерілді», – деді Айбек Нұғымаров.

Оның айтуынша, осы атауды өзгертуді қолдайтын бастамашыл топтың құрамында 30-ға жуық адам бар. Оның құрамына ақсақалдар, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың әлеуметтік белсенділері кіреді. Нұғымаров бұл идеяның бастастамашыларының есімдерін нақты көрсету туралы өтінішке абстрактілі түрде жауап берді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз