Бауыржан Байбек: Жанболат Мамай – шіри бастаған «саяси өлік»

0
6034

Оппозиционер деген жалған ат жамылған Жанболат Мамай жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деп, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы видео жариялаған болатын. Ал Бауыржан Байбек өз кезегінде Мамайдың жалған ақпарат таратқанын айтып, сотқа беретінін жеткізді.

Бұл туралы ол блогер Тәңірберген Бердоңғаровтың ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

– Елбасы үнемі айтатын былай деп: егер сенің арың таза болса, жала жапқыштарды сотқа бер деп. Біз демократиялық мемлекет құрып келеміз. Әрбір адам өз құқығы, абыройы үшін күресуі тиіс. Мен де осы елдің азаматымын, Бауыржан Байбек деген есімімнің былғанғаны маған ұнамайды. Әлгі видеоны менің анам да көреді, мысалы. Мамай сияқтыларға сабақ болсын – мен Мамайды сотқа беремін!, – деді Байбек.

Сонымен қатар, Байбек Мамайдың саяси жұмыстарына қатысты өз ойын білдіріп, оны «саяси өлік» деп атады.

– Мен Мамай осындай жалған ақпарат таратуға не үшін барды деп ойладым. Себебі, ол өз қолымен өзінің саяси жолын құртып жатыр ғой. Жанболат Мамай қазірдің өзінде шіри бастаған «саяси өлікке» айналды. Меніңше, оған қомақты түрде ақша төленген. Сол үшін жасалып жатқан секілді, – деді Байбек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз