ТЕСТЕН ҚҰЛАҒАН ШЕНЕУНІКТЕР НЕГЕ ОРЫНДАРЫН БОСАТПАЙДЫ?

2
51

Тестілеуден өте алмаған шенеуніктердің бірде бірі орнынан түсуге не себепті ниет білдірмеді?

«Кейбір басшылар қарамағындағы тестен құлап қалғандарды олардың жоғары біліктілігіне, психологиялық күйзелісіне сілтемелер жасап және тестің объективтілігіне күмән келтірумен ақтамақ болғандары ешқандай да сын көтермейді» -деп есептейді «Ақжолдықтар».

Тестілеуден өте алмаған шенеуніктердің бірде бірі орынан түсуге неге ниет білдірмеді? – Бүгін Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовке депутаттық сауалмен шықты.

БАҚ ақпараттарынан белгілі болғандай, «А» корпусына мемлекеттік қызметкерлерді алғашқы тестілеудің қорытындысы бойынша, қатысушылардың 30 %-нан астамы, ал дәлірек айтқанда – жоғары лауазымда отырған 155 мемлекеттік қызметкер еліміздің негізгі 10 заңдарын білудің шекті мәнінен өте алмады. Облыс әкімдерінің аппаратының басшыларынан 2, министрліктердің комитеттері және ведомстволарының төрағаларынан 8, қала және аудан әкімдерінен 54-і тестен өтпей қалды. Тапсырмағандардың ішінде Конституциялық кеңестің, Жоғары соттың, Сенат, Мәжілістің және іс басқармасы аппараттарының бөлім меңгерушілері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қызметкерлер бар.

«Агенттікпен өткізілген іріктеудің қорытындысымен жүргізілген сараптау, тестен өтпей қалған шенеуніктер азаматтардың жүгінулерін қарастыру тәртібін білудегі тапсырмалардан да қажетті баллдарды жинай алмай қалғандарын көрсетеді, – деді Азат Перуашев. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер ҚР заңдарының нормаларына сәйкес, ең алдымен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс».

Бірақ, сауалда көрсетілгендей осыншама қынжылтатын нәтижелерге қарамастан, бірқатар министрліктер мен ведостволардың басшылары «А» корпусында қызмет атқарып жүрген басшылармен жарты жылға келісім шарт жасалуына байланысты, сынақтан өте алмай қалған шенеуніктерді ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін қызметтерінен босата алмайтындары туралы мәлімдемелер жасаған.

«Кейбір басшылар қарамағындағы тестен құлап қалғандарды олардың жоғары біліктілігіне, психологиялық күйзелісіне сілтемелер жасап және тестің объективтілігіне күмән келтірумен ақтамақ болғандары ешқандай да сын көтермейді» -деп есептейді «Ақжолдықтар».

Азат Перуашев қоғамдағы ҰБТ жүйесін жиі және негізсіз де емес сыналуын мысал ретінде келтірді. «Алайда соның өзінде біздің балаларымыздың көрсетілген нәтижелер үшін жауапкершіліктері жоғары екен: мектеп бітірушілердің тіпті сәтті болған жағдайдың өзінде қаншалықты толғаныстардан өтетіні барлығымызға белгілі. БҰТ-ден өтпеген балалардың рухани күйзелістері туралы тіпті айтқым келмейді, себебі онда қайғы-қасіретке дейін болып жатады. «Бірақ, ҰБТ-ны жою туралы ата-аналардың әлденеше рет қойған талаптарына қарамастан, ешкім де оның мақсатқа сәйкестілігіне шүбә келтіргілері келмей отыр» – деп атап өтті демократтар фракциясының көшбасшысы.

«А» корпусына іріктеудің әділетсіздігі туралы сыңаржақ сөз қозғау «ақжолдықтардың» пікірі бойынша, біздің мемлекеттік менеджерлерді тым теріс сипаттайды: жалпы қоғам үшін бөлек, жеке мемлекеттік қызметкерлер үшін – бөлек ереже болмайды.

«Мұндай мінез-құлықтың рухани құны бұдан да жоғары. Тестен өте алмаған жоғары лауазымды басшылардың бір де бірі орынан түсуге ниет білдірмеді, демек бір де біріне, ҰБТ тапсыра алмаған балалар сияқты достарының, ата-аналарының алдында ұяттан өртенгендей намыс болмаған болып тұр ғой. Дегенмен, біздің балаларымыз бізден жақсы және адал: олар өздеріне шенеуніктер бекітіп берген ережені мойындайды, ал шенеуніктер болса заңда жазылып қойған ережелерді мойындағылары келмейді.

Ал мемлекеттік қызметкерлер тек қана еңбек келісім шарттарын орындап қана қоймай, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс Кодексін орындауда да үлгі болуы тиіс.

«Егер атқаратын лауазымдарына сәйкессіздіктерін көрсеткен шенеуніктерге бұрынғы өкілеттіктері баяғыдай сеніп тапсырылатын болса, онда тестілеудің мән-маңызы неде? Сонда олардың қалған 4 айдағы мемлекеттік қаражатты пайдалану, ведомствоға қарасты мәселелерді басқару бойынша қабылдаған шешімдері және қарамағындағы қызметкерлерге өкімдері қаншалықты құқықты болып табылады? – деп сұрайды «Ақ жолдың» депутаттары.

«Ақ жол» ҚДП фракциясы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен «А» корпусына іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмағандармен мезгілінен бұрын еңбек келісім шарттарын бұзу туралы мәселе қарастырыла ма деген сұраққа жауап беруді сұрайды.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі,

5 маусым 2013 жыл.

www.qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. «Егер атқаратын лауазымдарына сәйкессіздіктерін көрсеткен шенеуніктерге бұрынғы өкілеттіктері баяғыдай сеніп тапсырылатын болса, онда тестілеудің мән-маңызы неде? Сонда олардың қалған 4 айдағы мемлекеттік қаражатты пайдалану, ведомствоға қарасты мәселелерді басқару бойынша қабылдаған шешімдері және қарамағындағы қызметкерлерге өкімдері қаншалықты құқықты болып табылады? – деп сұрайды «Ақ жолдың» депутаттары.

  2. бізде қызық !? Қостанай таран ауданда Пенсияға шыққандар әкім болады , солар ғана жұмыс атқара алады, білімімен санаспайды, мүмкін пара шығар.- селомызда ,алдынғы әкім сотталып кетіп еді, құтылдықпа дегенде ,атставкаға шыққан учасковой болды, оны алып таспап сотталған ы ақталып тағы әкім болды , оны тағы алыптастап тағы соттап жатыр, (ауылдағы қалған құтқандарды тасып осабнияк құрып жатыр еді). Ендігі келген аудан әкім оның туысы әрине ақтап алады. маслихат сайлайды дейді маслихатыда әкімнің айтқанынан шықпайды,
    осыны тексеретін қауым ба ? нұротан ба?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз