Әншінің әйгілігіне полицияның кәсіпқойлығы ілесе алмай қалды…

2
74

*Куәгер көзімен…

Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы «Прайм Плаза» сауда орталығында 31 тамызда 19-00-де өтуі тиіс әйгілі әнші Қайрат Нұртастың концертінің аяғы жастардың үлкен шу шығарып, арты сауда орталығының күл-талқанын шығаруға ұласуы жан ауыртар оқиға болды. Полицияның жастарға шамасы келмей, қосымша күш – СОБР шақырылды. Жастар Рысқұлов-Саин көшелері мен Райымбек көшелері бойында жаппай қашып жатты. СОБР жасақтары қолына түскен жастарды шоқпарларымен аямай соққылады. Саин мен Райымбек көшелері қиылысындағы орамда бір жігітті қуалап келген полиция жасағы оны шоқпарларымен аямай соққыға алып, ол дірілдеп, талып қалды. Оған полиция кеткеннен кейін қашып құтылған жастар келіп көмектесіп, арқалап, алып кетті… Бейне бір Жаңаөзен оқиғасындағыдай жаппай сабалау басталып кетті… Райымбек-Саин көшелері бойында полиция көліктерінің дабылы Алматыны зор айқай-шуға бөледі…

Жастар мен полиция арасында да соққыға жығылғандар бар.
Бір жан ауыртар келеңсіздік – жан алғыштай жаппай ұрып-соғуды бастаған СОБР жасақтарының бейбастықтары… Олар «көшеде тыныш тұрған жастарды бас-көз жоқ ұрып-соғып алып кете бастағанда араша түскен жасы үлкен зиялы кісілердің өзін ай-шайға қарамай сабап, көліктеріне тиеп кетіп жатқанын көзіміз көрді… Айдалада тұрған баласын бас салып тепкілеп, көлікке тиеп бара жатқанын көрген әке немесе арашаға түскен әкесін жазықсыз сабағанын көрген бала қалай тыныш тұра алады – қолынан келгенін жасап бағады… Ал бұлардың соңы жаппай әлеуметтік наразылыққа ұласып кетсе, беттеріне маска киген СОБР содырларының қайсысы жауап береді? Олардың бет-жүзі танылмайды, өңірлерінде МАИ қызметкерлері секілді номерлері жоқ болған соң да, ойларына келгенін істейтін болуы керек. Бұны біздің билік, Ішкі істер мен құзырлы күштер тарапы мықтап ойлануы тиіс деп білемін…

Елді көтеріп кететін, ызаға булықтыратьын жайт бір әншінің концертте толық ән айтпауы емес… басбұзар әділетсіздіктің орын алуы!

Қазыбек Жарылқасынұлы

www.qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Тасмағанбетов зиялы қауымның арасындағы ақылды,сауатты,бір сөзбен айтқанда ең ірісі және дұрысы .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз