ЕЛДЕН БОЛМАСА ДА… ЕЛБАСЫДАН ҰЯЛМАЙ МА?!.

0
51

Бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен брифингте “Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының қоғамдық қорының директоры Юлия Кучинская :«Біз тұрғындардың билікке деген сенімін білмек болып сауалнамалар жүргіздік. Сауалнама ауыл мен қала тұрғындарының арасында бірдей қамтылды. Сауалнамадағы сұрақтарға жауап беру кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының 97 пайызы қолдайтыны және алдағы уақытта оған сенім артатындығы анықталды», – деді Юлия Кучинская.

“Не десем екен-не десем?”- деген ән бар сияқты еді… Мені қинап отырғаны – “бұлар сауалнаманы қай қалада, қай ауылда немесе қай елде жүргізді екен?”-деген миым жетпей отырған сұрақ… Елден болмаса да… (елді ұмытқандары қаш-шан…) Елбасыдан ұялу керек емес пе? Әлде олар 74-ке кетіп бара жатқан дана президентімізді не айтса да сенетін бала көреді ме екен?
Мұндай “ғылыми-зерттеу демократия” институтын осылай ел мен елбасыны мазақ еткені үшін жазалау керек!

Қазыбек ИСА
www.qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз