Жетпістегі шал немересімен жасты қызды алып қашқан

7
68


Жетпістегі шал немересімен жасты қызды алып қашқанЖамбыл облысында 70-тегі кісі 21-дегі қызға үйленбекші болып алып қашқан. Бұл туралы “Время” газеті хабарлады.

“Сағат 21:30-да маған Қаратау қаласында тұратын Алтынай деген танысым келді. Ол екеуміздің ортақ құрбымыздың үйіне бірге қонаққа барып қайтуымды сұрады. Дайын машина бар деді. Далада шынында ақ түсті BMW тұр екен. Ешқандай бөтен ойда болмаған мен оның артқы орындығына отырдым. Екі жағыма екі әйел жайғасты. Ал алдында шашын ақ шалған, маған ата болып келетін қарт кісі отырды. Оның менде ойы бар екенін ең бір қорқынышты түсімде де көрмес едім”, – деді 21 жастағы жәбір көруші, Тараз политехникалық колледжінің оқушысы Кенжеайым Қойтелі.Оқиға өткен жылғы 18 желтоқсан күні түнде орын алған.

Оның айтуынша, бұлар Қаратауға келгенде, тойға гуілдесіп дайындалып жатқан жұрттың үстінен түседі. Келе сала олар қызды бір бөлмеге қамап, ұялы телефонын алып қояды. Түнде оған манағы қария келіп, сөйлеспекші болады. Оның аузынан арақтың иісі аңқып тұрады.

Сол кезде Кенжеайым егер өзіне тиісетін болса, өзіне өзі қол жұмсайтынын айтып қорқытады. Келесі күні тойды ұйымдастырып жүргендер мұнда өз еркімен келгені туралы қолхат жазып берсе, ұялы телефонын қайтып беретіндерін айтады.

Алайда, Кенжеайымнан керегін жаздырып алғаннан кейін де телефонды қайтармайды. Ал қолхатты хабаршылар қыздың ата-анасына апарып беріпті.

Сол бойынша соңынан туыс­тары келген кезде Кенжеайым тек өзін алып кетуді ғана сұрайды…

Айтуларынша, бостандыққа шыққан соң қыз полицияға арызданыпты. Бірақ ондағылар ұрлап кетушілердің оны өз еріктерімен босатып жібергендерін айтып, іс қозғамай қояды.

nur.kz

7 ПІКІРЛЕР

  1. Заман қайда бара жатыр… Ақыл айтатын ақсақалдардың ардан безгені ұлтқа ұят! Құлаққа түрпідей тиетін мұндай жаңалықтар болмаса деп тілеймін.

  2. Атаңа нәлет жетпістегі шал, өзіңнің немереңді бір шал алып қашса не істер едің?

  3. Құрметті Gu-Gu.kz, өте тамаша сайт екенсіздер. Неге өздеріңізді басқа сайттарда жарияламайсыздар? Намыс. кз сайтында қаншама пікір қалдырушылар бар,бірақ көп пікірлерді сайт өшіріп тастайды.

  4. Керей баласы. Масқара болдық қой. «Сегіз сері» ертегісінің асқынған түрі осы. Кім жазбады, кім айтпады шындықты?! Рушылдықтың пасық дәстүрі фашизмге апаратынын білетін уақыт жетті. Зейнолла Әкімжанов деген ақынның таяда ғана «Қазақ үніне» шыққан зерттеу мақаласында да «Сегіз серінікі» деп жүрген шатпақтарды қалай талқандағанын көзіміз көрді. Биғожин деген пасықтың шашбауын көтергендердің бірі – профессор Тұрсынбек Кәкішев еді. Дәулеткерей Кәпұлына тақырып беріп, өзі Омбыдан іздеп, түк таба алмаған соң, аузын жапқан. Мағауин Мұқтардың «Енді Қожаберген деген ертегіні қойдым» дегеніндей, бір топ керей руының түкке тұрмайтын азаматсымақтары былтыр жыл бойы Қожаберген жырау,…Сегіз серінің бәленінші атасы деп, алатайдай бүлдіріп, тарихта болмаған пендені дақпырттады. Айтпақшы, ол да оқулыққа кіріп кетіпті. Ақселеу Марқұм айтқандай «Қожабергеннің «Елім-айын» Қаратайдың жазып жатқанын көрген. Енді сол Сегіз сері, Дістем сал, Толыбай сыншы т.б. жазды деген шатпақтарды оқып, талдап, бағасын беретін, сөйтіп, қойыңдар! дейтін біреу табылмай ма? Мына масқараны қараңыз, жаңағы «Қожаберген жырау, батыр, т.с.» былтыр шыққан «Абылай хан» энциклопедиясына кіріп кетіпті. «Қаратай Биғожин марқұмның әруағы разы болсын», дегендік пе! Білім және ғылым минстри Саринжипов есі бүтін адам сияқты, комиссия құрып тесертіп, оқулықтарды тазартуды қолға алсын. Ал, Кәртен, сақ бол! Мына керейшілдер, (Керей атамның атынан садаға кеткір, надандар) кісі жалдап, өлтіріп жіберуден тайынбайды. Бұл Сегіз сері… Қожабергендердің соңында Абай Тасболатов деген генерал, Бекет Түрғараев деген мафиоздар тұр. Басқа да өңшең коррупционер, банда ұстайтындар бар болуға тиіс.

    Пікір қосу

  5. Заман өз орнында тұрғой, бірақ адам баласының пиғылын ақша билеген кезеңде бұндай сорақылық істерге бейқамдық танытпау керек қой. Ол жетпістегі қақбас шалды дүйім жұрттың, бала шағасының алдында масқаралау керек.

  6. Пікір*АССАЛАМУ АЛИКУМ ЖАМАГАТ БУЛ НЕДЕГЕН СУМДЫК 70 тегi АКСАКАЛ АТА АКЫЛЫН АИТУЫН ОРНЫНА НЕМЕРЕСIМЕН ЖАСТЫ КЫЗДЫ АЛЫП БАКЫТТЫ БОЛАМ ДИМА ОЛ КЫЗ АЛI ПЕРIШТЕГОЙ ОБАЛЫНАН КОРЫКПАЙМА

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз