Үкімет жоспарына сай дамып, абаттанып келеміз!
«Dat.kz» порталында жарияланған «Ахмет Байтұрсынов жылап тұр» атты «тарихшы-ғалым» Ж.Шәмшінің мақаласына жауап.
Қысқаша мәлімет. Жұмамұрат Шәмші мырза Арқалыққа тойға келеді, бірақ себепсіз әкімдікке барады, қаланы аралайды, «өзінің ойынша» көзіне түскен келеңсіз дүниелерді жазады. Түйткілі көп күйбең тіршіліктің жақсы- жаманы болатыны анық, бірақ бұл азамат тек қаланың емес, осындағы билікті қорлап, арымызды аяққа таптап отыр. Ж.Шәмшінің мақаласымағын dat.kz cайтынан оқуға болады.
Мақалаңызды оқып шықтық, Жұмамұрат мырза!
« Өсер елдің баласы бірін бірі батыр»-десе керек еді, амал не, көңіл құлазып, мақаладағы фактілердің шындыққа жатпайтынын көргеннен соң пікірімізді білдіріп отырмыз.
Әуелден, Сіздің ғылыми атағыңыз бола тұра, мақаладағы жіберген көптеген қате жазуларыңыз, ғалым басыңызға ұят екен.Сөз саптауыңыз ешқандай стилистикаға келмейді, қаптаған грамматикалық, орфографиялық қателер, шұбалаңқы, түсініксіз сөйлемдер.Екіншіден Арқалыққа арнайы қонаққа келсеңіз ел арасына кірбің туғызып, сырт көзге қаламызды мүсәпір халде көрсету ер басыңызға сын екен. Арнайы мақаланы екжеп жазу керек қой, сонда да егер қалада тұрып, халықпен етене араласып, жай-жапсарын білсең ғана, ал өзіңдей Ұлт мүддесін көтеріп жүрген азаматқа осындай ұсақтыққа бару абыройыңды асқақтата қоймас, Арқалықтың мұң-мұқтажы жүз рет айтылып, мың рет пішілген дүние.
Әкімдіктің есігіне «ақша жоқ» деген жазу тұрған емес, банкоматта тұруы әбден мүмкін-оған әкімдіктің не қатысы бар, әлде сынықтан сылтау іздеу ме, тырнақ астынан кір іздеу ме? Қала әкімінің мойын омыртқасы емес, беліне зақым келген, бірақ ол азамат жұмыс орнында таңғы алтыдан түнгі 11- ге дейін болатыгын білу керек еді.Сіз барған уақытта болмаса қаланың уақыт күтпес мәселелерін тікелей араласып шешуге кеткені. «Әкімнің орынбасарлары түстен кейін басқарады»- деу, надан адамның сөзіндей. Олар сол Ғазезбен бірге қаланың жүгін көтеріп отырған жандар, басқарулары дұрыс. Әкімнің орыс тілді екені рас, қазақшасы жақсы, қәзіргі уақытта мұғалім жалдап оқып жатыр, білмесе үйренеді. Әкім Елбасының өкілі, сынағанның жөні осылай екен деп аузыңызға келгенді айтып, пасық пікіріңізді жазу елге сын, ерге сын!
Тарихшы бола тұра есімдері халықтың аузында жақсы істерімен қалған азаматтарымызды «орыс» болғанын атап күнаға батып, ұлтаралық теріс пиғыл туғындатуға, яғни арандатуға барыпсыз. Масқара екен. Арқаның ақ қар көк мұзын жастанып, үскірік аязды боранда қазақтың екі бірдей баласын өз денесінің жылуымен аман сақтаған, бірақ өзі құрбан болған Василий Горбачев барша Торғайлықтардың мақтанышы. Ал Александр Волков болса Торғай боксит кенішін ашуға ерен еңбек еткен геолог, енді білетін боларсың, тарихты білмеген «тарихшы кандидат» ! Мөлтек аудандарға келетін болсақ «Онамастика туралы Заңға» сәйкес көше, ауыл атауларының атауы уақытында өзгереді, Қазақстанның жер жеріндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып, жауыр болған дүниені қайталап, патриот болмақсыз, кеше жолдауын орысша оқыған Елбасына неге айтпайсың, тарихшы мырза. Жол жөнекей келген жүргінші шешетін мәселе емес Арқалықтың мұңы, тағдыры. Үкімет тарапынан мемлекеттік маңызы бар «моно қалалар» жоспарына сай дамып, оңалып, абаттанып келеміз! Өзің тарихшы бола тұра музейде не тұратынынан бейхабарсыз ау,тарихи жәдігерлер музейде тұрмағанда қайда тұрады. Кейкі батыр Ленинді емес, қаламызға келіп, алауыздық тудыратын сендей арам пиғыл жандардан қорғап тұрғандай, екіншіден музейдің атауы Торғай дала өлкелік тарихи музейі, Өз-ағамыз ашып берген. Есіңе сақтай жүр. Шамасы тарихты білмегеніңізге қарағанда өзбек акаларыңнан осы «кандидат» атағыңды сатып алған шығарсың?..Қазақтың азаматы болсаң, жаның ашыса ауыл әйелдерінің өсегін айтпас едің. Арқаның қаһарлы қысы қаламызды қыспаққа алып тұр, күніне қарлы боранның салдарынан тау- тау қар көше бойын, аулаларды, жолдарды бітеп тастауда,қатты жел ғимараттардың шатырын, мекемелердің атаулары жазылған көрсеткіштерді жұлып кетуде, соған қарамастан қала тіршілігі жалғасуда.Қала табиғи апаттардың зардаптарын өз күшімен шешуде, оған әріпі ұшқан мектеп басшысы кінәлі емес. Рас, техника жетіспейді, сонда да қала әкімінің шешімімен қаламызға жол мекемелерінен тысқары Торғай боксит кені басқармасы, «Алюминстрой» ЖШК -ындары қол ұшын беріп, күнделікті тіршілік қөздеріне қажет нысандар жұмыс атқаруда. Қаламыздың жас әкімі өзін іскер азамат ретінде көрсетпесе Қостанай облысы әкімі Нұрәлі Садуақасов Арқалық қаласына әкім қылып тағайындамас еді. Білмегенін ақылдасып, көмегімізге әрқашан жүгінуінің өзі «көп болып шешілген мәселенің келте болмайтынын» түсінгені, Ғазиз Ерболатұлының өз беделін емес, халықтың мұқтажын ойлағандығын көрсетіп отыр. Әр нәрсенің анығына жетпей, фактілерді тексермей жазған сендей ғалымдар тарихты да шатастырып болды, біздер Жұмамұрат Шәмшіұлынан, біріншіден – ар алдында жауап беруін талап етсек, екіншіден – Арқалық қаласының атына келтірген моральдық шығынды өтеуді сот арқылы талап етеміз! Ахмет атамыздың ескерткішіндегі қабағының қар жауып налуы осы Сіздей «бір қарын майды сасытқан құмалақтарға» реніші шығар…
Сіздің мақалаңызды қолдаған республика бойынша екі адам пікір қалдырған екен, соның бірі Елдос Тоқтарбай атты студент баламыз, ол балаға айтарымыз,егер Арқалық жаман болса неге осында қияннан оқу іздеп келдіңіз? «Асымызды ішіп, аяғымызды тепкендей» әсер алдық, айналайын, келешегің алда, айтар ойыңды екшелеп барып жазбасаң, ертең сен де, осы Жұмамұрат ағайыңдай тайыз ойдың жетегінде кетерің қақ.
Тарихтың таңбасындай болған Арқалық қаласы көне Торғай елінің мәңгілікке маңдайына басылған мақтанышы, Арқалық қаласы осы Торғай жерінің, елінің рухани астанасы! Сондықтан Арқалықтың арын, мұң-мұқтажын «көлденен келген көк атты», Сіз сияқты, той-тойлап шалқып жүріп шешетін шаруа емес. Шамасы бажаңыз келген қонаққа қазақтың салт дәстүрімен «ақ құйып, дәмін дұрыс» бермеген шығар, әйтпесе « су ішкен құдығына адам түкірмес » болар!
Қол қоюшылар: Арқалық қаласының «Құрметті азаматтары» Жұмағали Өмірбек,Қайырден Жиенбаев,Жәнібек Ғаббасов, Мұхамедрахым Спандияров, қалалық мәжілістің депутаттары Қаратай Нұрманов, Рүстем Шалабаев,Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Ахан,»ОЛВИ» ЖШК-нің басшысы Тамара Соколова, «Қазақ үні» республикалық қоғамдық- саяси апталығының Арқалық қаласындағы меншікті тілшісі Сүгірбай Нұрман, «Торғай», «Арқалық хабары» газеттерінің редакторлары Арыстан Айтмағамбетов, Қайрат Есмағанбетов және қала тұрғындары: зейнеткер Отаркүл Ордабаева,дәрігерлер Сауле Спандиярова, Нұрлыбек Сағындықов ,зейнеткер, « 2014 жыл адамы» Қарлығаш Жақыпбекова, кәсіпкерлер Айман Жакупова, Жарқын Ерғалиева және көптеген арқалықтықтар. Осы мақалаға бәрі қолдарын қойған.
www.gu-gu.kz