Бақыт Құралбай «заказной» мақала жазатын болған ба?

0
591

Замана газетінің тілшісі Бақыт Құралбай «заказной» мақала жазатын болған ба? Мына мақаласына қарағанда дәл солай секілді. http://zamana.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6397:gjgjjkh&catid=1:latest-news
Біздің таңымыз бар, неге бұл кісі тікелей Мәулен Садықбектен барып сұхбат алады? Неге бізден, қарапайым мұражай қызметкерлерін аралап сұрамасқа, болып жатқан жағдай туралы? Кімнің кім екенін музейдегілер барлығы біледі. Мәулен өзі ораза ұстап жүріп қалай өтірік айтады? Жарайды ұрлап жатқанын мойындамаса да, келіндерін, інілерін жұмысқа алғанын неге өтірік айтады? Тіпті өзінің жеке жүргізушісі, өзінің немері-інісі, Бейбіт деген (газетте жалға алдым деген Ауди автокөлік).
Жалпы Әзірет Сұлтан мұражайында болып жатқан былық-шылықты жоғарғы жақтағылар білмейді-ау деп ойлаймыз. Әсіресе Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза неге осыған көңіл бөлмейді? Мүмкін сіздердің көмектеріңіз арқылы мән жайды біліп қалатын шығар деген сенімдеміз.
Былтыр 2012 жылы желтоқсан айында қаржы полициясы және прокуратурадан тексеріс келген болатын, арыз мәселесі бойынша. Ол кезде Мәулен өзінің «крышалары» арқылы тексерісті бір айға жеткізбей ақшамен жауып тастатты. Естуімізше Мәуленге Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев жақсы көмегін көрсеткен, өйткені Ғаппар деген азамат Түркістанда танымал, жергілікті биліктегі азаматтармен жақсы қарым қатынаста. Кезіндегі Исматулланы қолдаушы ретінде қол қойғандардың арасынан Ғаппар мырзаны табуға болады (ғаламторда мәлімет бар). Ғаппарды Мәуленнің крышасы деген себебіміз, ол, біраз жылдар бойы музейде тіркеліп, сырттай айлық алып келеген, 2012 жылдың аяғына дейін.

turkestan.info@mail.ru

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз