Өткендегі www.qazaquni.kz cайтындағы Жанболат Мамайға байланысты айтылған сатқындар тізімі туралы.
Еліміз Азаттық алғанға дейінгілердің әрекетін тарихшылар саралар, ал азаттықтан соңғы тізімді Олжас Сүлейменов ағамыз бастайтын сияқты. Өйткені, қазақ тілінің үстемдігіне кезінде ашық қарсылық білдірген масановтардың қатарында сол кісі де болатын… Бір кездері «орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болуы керек» деген пікірге дейін барды емес пе?!!
Ол кісінің «Аз и Я»-сын оқып қаншалықты сыйласам, «Язык письма» атты зерттеуін оқығанда зор эстетикалық, рухани, интеллектуальдық ләззәт алдым, ал саяси көзқарастарында, әсіресе қазақ және орыс тілдеріне қатысты, соншалықты күйіндім.
Әсілі, Әлихан Бөкейхан атамыздың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі мың мәрте шындық.
Өткенде ол, «Мамыр-р-р какой-то жесткий? Мы майские, кому-то 90 дней нравился? Почему не сексен?»- деп өз тіліне өзі күліп кеткені, басқа мәселе қалмағандай. Шамасы, әлем тілдерін зерттеп жүрген ағамыз өз ана тіліндегі сөздер құбылыстың болмысын тура суреттейтінін білмейтін болар. Адам жазда жазылады, қыста қысылады, күзде күзейді, мамырда мамырлағандай болмай ма?!! Желтоқсанда тоқсан болса, әр маусым тоқсан күннен емес пе?!!
О.Сулейменов: “Казахстану опасно становиться мононациональным государством”
www.qazaquni.kz