Сатқындардың қазақ топырағын басуға хақысы жоқ!

0
105

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінде керегесін кеңге жайып келе жатқан жас мемлекет. Осы мемлекеттің біртұтастығы, жасалынып жатқан игі істердің, іске асып, кейінгі ұрпаққа бұйыруы үшін, бізге ауызбіршілік керек. Ал сол ауызбіршіліктің сақталуы «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуден басталады.

Алматыда  бірге студент болған жылдардың өзінде  Жанболат Мамай «үй ішінен отау тігіп, бүйректен сирақ» шығарып жүретін. Сол кездің өзінде орыстарға жақын болып жарамсақтанып, солардың сойылын соғатын. Біраз уақыт өте келе «іздегенге – сұраған» дегендей алдынан қазақ тілін менсінбейтін Әблязов сияқты жанболаттай жандайшаптарын ел ішіне іріткі салып тұруға итермелейтін қожайны  пайда болды. Беті бүлк етпестен оның берген қаражатына қарапайым ауыл халқын аралап, олар үшін  халықтың қамын ойлайтын періште  адам кейпіне енуді бастады. Осылай аңқау елге арамзалығын  іске асырып келеді.

«Уақыты келгенде есі кірер, еліне опассыздық жасауын доғарар» деп ойлайтын едім. Сөйтсек, қателескен екенбіз, алда әлі жарыққа шыға қоймаған көп сценарий бар екен. Жанболат Мамайдың көксегені, оған еркіндік берсе, бір-ақ күнде қазақты орыстың отарлауына, илеуіне салып беру. Ұяттан безген  сатқын рух пен тілді мазаққа айналдырды. Небір желеулермен өзін ел қамын ойлап жүрген ұлтшыл етіп көрсетпекші болды… Онысынан түк шықпады, шықпайды да!Ондай сатқындарға қазақ елінде жол жоқ. Қазіргі көзі ашық, көкірегі ояу қазақ ондай арсыздарға ойына келгенін істетіп қоймайды.

Өзінше фейсбуктағы парақшасында ақталыпты. «Сәкен Жүнісовтың мақаласын шығарсақ, ол менің жеке пікірім емес» дейді. Демек, газетіне көрінген мәңгүрт  ойына келгенін жазса, деңгейінің соншалықты  төмен екенін сауатсыз, надан Мамайдың өзі дәлелдеп берді… Қасындағы Ингасы да әбден ұяттан безіпті. Университетте оқыған жылдары қарапайым ғана қазақтың қайсар қызы еді. Қазір ақшаның буына мастанды ма, әлде Жанболаттай «серігінің» әсері болды ма? Үлкенді сыйлаудан қалыпты, адамның ақылдылығы бірінші үлкенге ізет көрсетуден басталады емес пе? Ал бүгінгінің Ингасы мен Жанболаты үлкендерді өз пайдаларына пайдаланып, уақыты келгенде лақтыра салады.

Бәрін қойып, «елім-жерім, қазақтың тілі» деп шырылдап жүрген азаматтардың бірі Қазыбек ағаға жала жауып,  айыптапты… О, байғұс Мамайдың көзін шел басқаны соншалық, жақсыларымыз жайлы ғайбат айтуға көшіпті.  Сол ағаларымыздың жасына, жүріп өткен жолына,  деңгейіне жету түгілі олардың атын атауға хақысы жоқ ондай сатқындардың. Қазақтың тілі, ділі, діні – елім деген әрбір азаматтың кеудесіндегі жүрегінің дүрсілі тоқтағанша бірге соғатын,бәрінен биік бақыты, бағы! Ертеңгі ұрпаққа аманат етіп қалдырар асыл қазынасы! Сондықтан осындай киелі дүниелерге сатқындық жасап, қазақтың топырағын басып жүрген Жанболаттай сатқындар жазасын алу керек.

Гаухар МҰРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз