Тимур Құлыбаевтың былтыр мінген көліктері

0
820

3PNfPM0t6DVSvvseHXdC6D9E8aIjVC2013 жыл бойы Елбасының күйеу баласы, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы мультимиллионер Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың отбасына Алматы мен Астана қалаларында қызмет көрсеткен көліктердің тізімі республикалық басылым беттеріне жарияланып үлгерді… Жылға жасалған ерекше қорытынды біз бен сіз секілді қарапайым жұртты «мәссаған» дегізері сөзсіз! Сонымен….

Біздің мемлекетте өмір сүретін ең бай адамдардың өмірі араб шейхтарының өмірінен де тәуір, тіпті ертегідей! Дегенмен қарын тойғызар «қанағатшылық» ұғымы адамның санасы мен адамгершілік қасиеттерінен шығады. Сонда бұл миллионерлер «қанағатты» білмейтін ашкөздер ме деген ойға қаласын, бір жылда мінген 73 көліктің санына қарап….

Көліктердің санын қойшы, сапасы мен бағасы темір тұлпарларды жақсы ажырата алатын атқамінерлерді тіпті таң қалдырады. Тізімде көрсетілген тұлпарлардың атына қарап, ғаламтор арқылы бағасын біліп алуға тырыстық. Демек, көрсетілген бағалар көліктің шын бағасына жуық болып келгенімен нақты болмауы мүмкін.

Кәсіби емес есептеуімізге қарағанда, Құлыбаев отырған ең қарапайым көліктер Toyota Sequoia мен Infinity QX56 болып шықты. Олардың әрқайсысының құны 100 мың АҚШ долларын құрайды.

01Олардын кейінгі бағасы жағынан қалғандарынан арзандау боп келетіні Toyota Land Cruiser 200VX — құны 110 мың АҚШ долларына сәйкес. Бұл көлікпен қатар әрі сырт пішіні жағынан ұқсас, бағасы 130 мың АҚШ доллары болатын  Lexus LX570 көлігі де тізімде!

02

Кейінгі көліктердің бағалары тіпті сұмдық! Porsche Caenne Turbo деп аталатын көлікті Алматыда 280 мың АҚШ долларына сатады, ал Ferrari Scuderia 430 деп аталатын шетелдік көліктің құны 230 мың.

03

Audi A8 L автокөлігінің бағалары әр түрлі. Біресе 170 АҚШ долларына сатылса, енді бірде 500 мың АҚШ долларына сатылған. Бірақ, Құлыбаев мырза бұл көліктің арзанына отырмаған болар….

04

Чемпион саналатын Bentley Continental GT  автокөлігінің тізгінін отағасының өзі иеленеді екен. Ал оның бағасы  290  мың АҚШ доллары. Осы іспетті Rolls Royce Phantom көлігі болса  780 мың доллар тұрады.

05

Maybach 62S Landaulet деген көлік туралы былай жазылыпты: «Көліктің бағасы кабриолет автокөлігінің жартысына тең болады. Демек құны 1 миллион 350 мың теңгені құрайды. Аталмыш көліктің әлем бойынша тек 20 данасы ғана жасалған. Оның біріне қазақстандық миллионер мініп жүр.

 06

Сонымен, Елбасының күйеу баласының «автобағында» құны 100 мың доллардан бастап бірнеше миллион долларды құрайтын автокөліктер қаз-қатар тізіліп тұр. Бәрінің бағасын қосқанда өте қомақты қаржы шығады…. Бұл өте қомақты қаржының бағасын неге теңерімізді де білмей отырмыз… Ұшақ пен кеменің бағасы да Құлыбаев көліктерінің жалпы сомасына тең келмес….

Тізімдегі көліктер Тимур мен Динара Құлыбаевтардың отбасына сыйлыққа берілмеген… Және 73 көлік олар басқарып отырған компаниялардың қызметкерлерінікі де емес. Барлық темір тұлпарлар да – Құлыбаевтың отбасы мен күзетшілері отырған көліктер.  Толық тізім төмендегі кестеде:

07

08

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз