«Ақ жол» партиясы депутаттарын сөз сөйлеу құқынан айыруға наразылық білдіреді!..

0
61

«Ақ жол» партиясында Парламент отырыстарының аса маңызды мәселелерін талқылау кезінде оның депутаттарын оқтын-оқтын сөз сөйлеу құқынан айыруына наразылық білдіреді, және Регламентте фракциялар өкілдерін сөзден айыруға тыйым салуды бекітуді ұсынады

 «Ақ жол» партиясында Парламент отырыстарының аса маңызды мәселелерін талқылау кезінде оның депутаттарын оқтын-оқтын сөз сөйлеу құқынан айыруына наразылық білдіреді – бұл туралы бүгін ҚДП төрағасы Азат Перуашевпен Мәжіліс спикерінің атына жіберілген хатта айтылады. Ол Регламентте фракциялар өкілдерін сөзден айыруға тыйым салуды бекітуді ұсынады.

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің Төрағасы

Қ.Қ. Жақыпов мырзаға 

Құрметті Қабиболла Қабенұлы!

Сіздің назарыңызды, біздің көзқарасымызша, Парламент Мәжілісінің Регламентінде – Қазақстан Республикасы Конституциясының заңнамалық бастамашылдық құқығы туралы нормасын сақтауды нақтылауды керек ететін принципті мәселеге  аударуды қажет деп санаймын.

Парламент Мәжілісінде заң жобаларын талқылау барысында Заң жобалары бойынша  салыстырмалы кестелерге кейбір ұсыныстар Мәжілістің комитеттерінің немесе бөлімдерінің атынан енгізілетін тәжірибе қалыптасқан. Мұндай әдіс көбіне оларды Үкімет атынан енгізу рәсімдерінен қашу үшін түзетулерді іс жүзінде заңды әзірлеушімен (яғни нақты министрлікпен немесе ведомствомен) ұсынылған кезде қолданылады.

Әйтседе, Қазақстан республикасының Конституциясының 61 бабына сәйкес, заңнамалық бастамашылдық құқы Республика Президентіне, Парламент депутаттары мен Үкіметке берілген.Мәжіліс комитеттері де, бөлімдері де заңнамалық бастамашылдық құқыққа ие емес.

Олардың атынан түзетулер енгізу тәжірибесі жекелеген мемлекеттік органдарға Үкіметте келісу рәсімдерінен айналып өтіп, ведомстволық мүдделерін лоббилеуге мүмкіндік туғызатын зияны да бар. Бұдан басқа, сонысымен бастамашылдық авторының осындай түзетулерді қабылдауының салдарлары үшін дербес жауапкершілігі шайылып кетеді.

Бұған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы заң әзірлеушілерді Регламенттің талаптарымен түзетулерді заңда белгіленген тәртіппен – ұсыныстары үшін өзіне дербес жауапкершілік ала алатын үкіметтің қаулысымен, не нақты депутаттармен енгізуге міндеттеуді ұсынады.

2. Нормативтік реттеу арқылы шешуді талап ететін тағы бір мәселе, біздің пікірімізше, ол – Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының мәртебесі және өкілеттіктері, соның ішінде, Парламент отырыстарында фракция жетекшісінің немесе өкілдерінің міндетті түрде сөйлеу құқығы.

Өзіңізге мәлім, ҚР Парламент Мәжілісінің қазіргі V шақырылымының басты ерекшелігі оның көппартиялылығы болып табылады: қазіргі құрамда «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының және Коммунистік халық партиясының парламенттік фракциялары бар. Бұған байланысты Парламент қызметін партиялық фракциялардың рөлін ескере отырып реттеудің қажеттілігі арта түседі. Партиялық фракциялардың рөлін көтеру үшін құқықтық негіздер жасаудың қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2007 жылдың 16 мамырында Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айтқан; бұл тақырып онымен 2012 жылдың 20 қаңтарында Парламенттің V шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында да көтерілген.

Парламенттік фракцияның мәртебесі туралы мәселенің іс жүзінде жүзеге асуы ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда  көрінісін тапқан. Парламенттегі саяси партиялардың фракцияларының қызметінің қалған мәселелері Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерімен анықталуы тиіс.

Сонымен бірге тәжірибе көрсетіп отырғандай, Парламент Регламенттерінің қолданыстағы нормаларыкөппартиялылықтың қазіргі жағдайларын ескермейді.

Көрсетілген дерек туралы келесі мысалдар айғақтайды.

а) А.ж. 20 маусымында Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Н.Жазылбеков фракцияның тапсырмасы бойынша Үкіметтің 2013 жылғы республика бюджетінің орындалуы туралы есебі жөнінде «Ақ жол» ҚДП-ның ұстанымын баяндау үшін сөз сөйлеуі тиіс болатын. Бұл туралы фракция жетекшісі А.Перуашев тікелей Парламент Мәжілісі басшылығына, вице-спикер С.Дьяченкоға отырысқа дейін екі күн бұрын хабарлаған.

Талқылау барысында, депутат Н.Жазылбековтің аты-жөні, тегі сөзге жазылғандардың ішінен көрінді. Сөз кезегі Мәжіліс аппаратының қызметкерлерімен белгіленген, депутат Жазылбековті отырыс басталардан бұрын сөз үшін кнопканы баспауын ескерткен, мұны қызметкерлер сөз сөйлеушілер тізіміне өздеріміз қосамыз деп түсіндірген. Жазылбековке дейін сұрақтарымен және сөздерімен «Нұр Отанның» және ҚКХП партияларынан 12 депутат сөз алған.

Алайда, біздің фракция депутатының сөз үшін кезегі келгенде, Сенат депутаттарының бірі жарыссөзді тоқтатуды ұсынған, және бұл ұсыныс бірден дауысқа қойылған және қабылданған. Сонымен «Ақ жол» ҚДП фракциясы осындай өте маңызды мәселеде өзінің ұстанымын ресми түрде айту мүмкіндігінен айырылды. 

Бәлкім, бұл дерек, «Ақ жол» ҚДП фракциясының нақты министрліктердің және ведомстволардың іс-әрекеттерін тұрақты және дәлелді сынайтынына, өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу бойынша үнемі баламалы ұсыныстарымен шығуына байланысты туындап отырған болар. Мәселен, «Ақ жол» ҚДП депутаттарымен үлескерлердің проблемаларын жеке тұлғалардың банкроттығын енгізу арқылы шешу, сүріліп жатқан саяжай телімдерінің иелеріне тұрғын үй беру, орта бизнесті және мүгедектер арасындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, ШОБ қызметінің алғашқы жылдарында салықтардан толық босату, экономиканың басым салалары үшін ҚҚС-ның сараланған салалық ставкаларын енгізу туралы, мемлекеттік сатып алулар саласында отандық бизнесті қолдау және т.б. толып жатқан баламалық ұсыныстар және заң жобалары ұсынылды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстардың көбі үкіметтен және басқа фракциялардың депутаттары тарапынан қолдау таппады.

2013 жыл үшін Үкіметтің сол есебін талқылау кезінде Мәжілістің а.ж. 4 маусымындағы пленарлық отырысында депутат Е.Никитинская  «Ақ жол» ҚДП фракциясы атынан ІЖӨ құрылымындағы тауарлар өндірісі үлесінің  азаюы, сауда балансының оң сальдосының соңғы екі жылда күрт (30 пайызға) төмендеп  кетуі сияқты жағымсыз факторларға назар аударды. Сондай-ақ Кеден Одағы елдерімен сауданың теріс сальдосының артуы, сыртқы қарыздың едәуір өсуі (16,9 пайыз) аталып өтілді.

Біздің фракция тым жағымсыз фактор ретінде екінші деңгейдегі банктердің мерзімі өтіп кеткен қарыздарының (90 күннен артық) 19-дан 31 пайызға дейін жетіп, несиелік қоржындарының үрейлі төмендеуін атады, талқылау барысында фракция депутаттары сондай-ақ 2013 жылғы инфляцияның (4,8 пайыз) және 2014 жылдың басындағы теңгенің 20 пайызға девальвациясын өткізу мәліметтерінің көзге көрініп тұрған үйлеспеушілігін атап өтті. Экономикалық жоғары оқу орнының кез келген студенті девальвацияның екі негізгі себептерін атайды: инфляцияның өсуі не теріс сауда балансы. Біздің жағдайда сауда балансы дұрыс болып қалып отыр, ендеше, девальвацияның себебі инфляциялық процестер, олар бойынша мәліметтер девальвация деңгейіне дәлдеп түзетулерді талап етеді, және т.б.

2013 жылдың осындай нәтижелері үшін жауапкершілік, әрине, бұрынғы үкіметке жүктеледі. Бірақ енді дәл қазіргі басшылыққа бұл олқылықтарды жойып қана қоймай, сонымен бірге үкімет жұмысын және оның әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңа қауіп-қатерлерге сәйкес қайта құруды жүргізуге тура келеді.

20 маусымдағы  бірлескен отырыста «Ақ жол» ҚДП-сынан басқа барлық фракциялардың депутаттарының сөз алғаны туралы деректі ескерсек, есептің экономикалық көрсеткіштерін дәл осы Мәжілісте талқылау кезінде сынайтынымызға байланысты өз ұстанымымызды білдіру мүмкіндігінен бізді айырып отыр деп топшылау ғана қалады.

б) Бұл ахуал өткен 2013 жылдың 14 маусымындағы Парламент палаталарының біріккен отырысында 2012 жылдың республикалық бюджетінің орындалуы туралы Үкіметтің есебін талқылау кезіндегі осыған ұқсас жағдайды толыққайталап тұрғанын атап өтуді қажет деп санаймын. Сонда менің, «Ақ жол» парламенттік фракциясының жетекшісі ретінде бастап кеткен сөзім,жарыссөзді тоқтату туралы ұсыныс енгізген әріптестерімнің бірімен үзілген, айпағымыз дереу орта жолдан тұқыртылған.

в) «Ақ жолдың» депутаттарын сөзден айыру тенденциясы а.ж. 21 мамырдағы Мәжілістің пленарлық отырысында да көрінді, онда бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде, менің микрофоным сөз сұрағанымызға қарамастан «түсінбестікпен» ағытылып тасталған. Алайда келтірілген мысалдарды салыстыру «түсінбестіктің» сериялары туралы айтуға мүмкіндік береді. Екі рет – бірдей болып шығуды кездейсоқтық деп айтуға болар, ал үш рет бірдей болып шығу – бұл заңдылыққа айналғанды көрсетеді. «Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттарының тыңдалу құқықтарын бұлай шектеулер басқа азшылықтың  – ҚКХП фракциясының бөгетсіз сөз сөйлеп жатуы аясында айрықша көрнекілікпен байқалуда.

Сонымен қатар, бастамашылар Үкіметті «Ақ жолдың» сынынан «қорғауға» талпыныстарын басшылыққа алып отыруы да мүмкін. Алайда, Парламенттегі бизнес-қауымдастықтың өкілдері ретінде, біз К.Мәсімов үкіметін тіпті өзінің біліктілігінің күшімен-ақ, осындай болмашы қамқорлықты керек етпейтінін 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы сынағының кезеңінен білеміз.

Қазіргі тәжірибенің өзі де көрсетіп отырғандай, К.Мәсімовтің кабинеті жұмысты құра біледі және бір сәттілік жағдайға қарап емес, процестерді стратегиялық тұрғыда көре білуімен, кез-келген сынға орай білікті жауап бере алады. Мәселен, а.ж. сәуірінде «Ақ жол» ҚДП фракциясы бюджеттік заңнама туралы заң жобасын бірінші оқылымда қолдаудан бас тартты, онда бюджеттік инвестиция ұғымын, олардан активтерді қалыптастыруды алып тастап, қайта қарау ұсынылған. Сонысымен бюджет қаражаттарын экономикалық қайтарымсыз пайдаланудың заңды алғы шарттары жасалатын еді.

Сондай-ақ, біз мұнайға қатысты емес тапшылықты анықтаудың, одан Ұлттық қордың трансферттерін алып тастайтын, тәртібін қайта қарауға да түбегейлі қарсы болғанбыз. Мұндай тәсілдемелер деректерді бұрмалауға және біздің экономиканың шикізаттың кірісіне тәуелді екенін жасырып ұстауға әкелер еді. А.ж. 21 мамырында Мәжілістің пленарлық отырысында, табанды пікірталастардан кейін, Үкімет «Ақ жол» партиясының осы және басқа да түзетулерімен келіскен, соған байланысты біздің фракция заң әзірлеушілерге алғысын да білдірген. К.Мәсімов кабинетінің іс жүзіндегі, мысалы Мемлекет басшысымен бөлінген 1 трлн. теңге аясында бизнеске қолдау көрсетуде, ҮИИДМ бағдарламасын іске асыруда, экономиканы басқарудағы жаңа тәсілдемелерді қалыптастыруда және т.б. жұмысының табандылығын атап өту керек.

А.ж. 20 маусымында Палаталардың бірлескен отырысында да «Ақ жол» ҚДП фракциясының ұстанымын ресми баяндап беруін Үкіметтің барабар қабылдайтынына біз сенімді едік.

«Ақ жол» фракциясының депутаттарын өз пікірлерін айту құқығынан айыру, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына қарама-қайшы келетін  жол беруге болмайтын практика деп пайымдаймыз.

Депутаттардың ұсынысы бойынша жарыссөзді тоқтату мүмкіндігі туралы Палата Регламентінің қолданыстағы нормалары – көппартиялы Парламенттің жағдайларын ескермейді. Сонысымен, айла-шарғылар жасау үшін мүмкіндіктер туғызады, парламенттік көпшіліктегі депутаттар өз пікірлерін білдіріп және осымен жарыссөзді тоқтату туралы шешім қабылдай отырып, парламенттік азшылықтың ұстанымын баяндау үшін мүмкіндігін шектейді.

Көп жылдан бері, Сізді тәжірибелі басшы және жоғары мәдениетті адам ретінде біле отырып, біздің жұмысқа жеке Сіздің тарапыңыздан әдейі кедергі келтіру туралы ойларға жол бере алмаймыз. Қалыптасқан жағдай осы мәселенің нормативтік құжаттарда, ең алдымен Мәжілістің Регламентінде реттелмегендіктен орын алғандығынан мүмкін болғанына сенімдіміз.

Осыған байланысты, Парламенттің Палаталарының Регламенттерінде  парламенттік фракцияның өзінің өкілін пікірталастарда кепілдендірілген сөз сөйлеуге  құқығын тікелей және кесімді етіп бекітуді ұсынамыз. Жарыссөз барлық парламенттік фракция көшбасшылары (немесе уәкілетті өкілдері) сөйлеп болғаннан кейін, не болмаса олар сөйлеуден бас тартқан жағдайда ғана тоқтатылуы мүмкін.

Бұл ұсыныс біздің жағымсыз тәжірибемізге ғана емес, сонымен қатар парламентаризмнің халықаралық практикасына сүйене отырып жасалып отыр. Мәселен, Ұлыбританияда парламенттегі азшылықтағы партияның депутаттары кез-келген мәселелер бойынша жарыссөздерде  сөйлеуге сөзсіз құқығы бар.

Канадада жарыссөз кезінде көпшіліктегі партияның атынан шығатын негізгі баяндамашыдан кейін парламенттегі азшылықтағы ірі партияның тікелей сөз сөйлеуге құқығы бар. Бұл фракцияның көшбасшысы жарыссөзге қатысуда уақыт мөлшері шектелмеген құқыққа ие.

Еуропада демократиялық парламентте осындай партиялардың рөліне қатысты нормалар Еуропа Одағының Парламенттік ассамблеясының 2008 жылғы N 1601 Қарарында және Құқық арқылы демократия үшін  Комиссиясының Баяндамасында (Венециан комиссиясы д.а.) өз көрінісін тапқан, онда парламенттік көпшіліктің шешім қабылдауға, бірақ, сонымен бір мезгілде парламенттегі азшылықтың ойын естірте алатындай бұлжымайтын құқығы болуы тиіс екені тікелей көрсетілген.

Осыған байланысты, Еуропарламентте партия фракцияларында сөз сөйлеуге ғана емес, ұстанымдарын баяндап беру үшін қосымша уақыт алуға  да құқықтары бар.

«Ақ жол» ҚДП депутаттары бұрын да, 2012 жылы 1 қазанда партия фракцияларын қалыптастырумен байланысты Мәжіліс Регламентіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс  енгізгенін еске сала кету қажет. Сол кезде Палаталардың Регламенттеріне өзгерту енгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы айтылған. Осы мәселені созбалаңға салу көппартиялы Парламенттің тиімділігіне нұқсан келтіреді деп есептейміз.

 Құрметпен,

 «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты   А. Перуашев

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2014 жылдың 26 маусымы

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз