АСЫМЫЗҒА АНТИЖАРНАМА!?.

0
34

Масқара ғой! Розамыз “білімділігі елде жоқ” әнші баласы Әлимен (өз сөзі), басқалармен қосылып, секіріп жүріп “қарта, шұжық, жая” деп “әндетеді”…  Қаптаған өзге ұлт өкілдері ет жеген “бешбармақтарын”  бір-бірінің киімдеріне сүртіп, ұнды шашып, ойнап жүр… Нұрлан Абдуллиндерді қойшы,, “бешбармаққа” тойып алса болды, кез-келген клипіңе түсе береді. Маңдайымыздағы мақтанышымыз Розаның  осындай қадірлі ұлттық асымызға антижарнама  (ешқандай да жарнамаға жатпайды) мазақы бейнебаянға түсуін қалай түсінуге болады? Мысалы, Қырымды сатпаған, Ресей азаматтығын алмаған, түсті революция кезінде төңкерісшілерге қақаған аязда құймақ тасыған Украина Қаһарманы София Ротарудың, немесе емін-еркіндігімен. тентектігімен әйгілі  Алла Пугачеваның өзінің осындай жеңілтек әнсымақ  айтып, ұлттық тағамдарын мазақтаған клипке түсе ме? Олардың “борщ, уха, котлет, сало, селедка”-деп соғып тұрғанын  елестете аласыз ба? Розаның Кеңес одағын аңсап, көп айтуынан қорқатын едім, ақыры қаупім расқа шығып келеді…

Әйтеуір, ұлттық уыз болмаған жерде қай салада болсын, “Елдің Ыбырайы – Ыбырай да, біздікі -құрыды-ай” деумен өтетін болдық қой…

Қ.Жарылқасынұлы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз