БРАЗИЛИЯДАН БАҚ ТАЙДЫ! ГОЛЛАНДИЯ ДА 5 ДҮРКІН ЧЕМПИОН ЕЛДІ ТАС-ТАЛҚАН ЕТТІ: 3-0

0
94

Мен Голландияның ұтатынын айтқаныммен дәл бұлай ірі есеппен жеңеді деп ойлаған жоқ едім. Бразилия халқына рахмет, бүкіл стадионды бразилиялықтардың сары түсті формасы жауып кетті. Өткендегі Германиядан тас-талқан болып ұтылған тарихи масқарадан соң да, сүйікті құрамасынан сүйкім кетсе де, үміттері сөнбеген екен…. Бірақ осы жолы Бразилия футболшылары жанкүйерлерінің көңілін жақсылап тұрып, суық су сепкендей өшірді… Бразилияның бас бапкері Сколаридің “Голландияны ұтып, жанкүйерлердің қара қазандай өкпесін қайтарып аламыз ” дегені бос алдау болып шықты… Бұл жолы ойынға команда капитаны Тиаго Силва шықса да, бұлардың ойындары маңдымай қойды. Әлемнің 5 дүркін чемпиондары алаңда абдырап, допты бүгін көргендей берекесі кетіп, пышырап ойнады… Еуропалық екінші командадан есеңгіреп тұрып ұтылды. Екі ойында қақпаларына 10 гол.!!! кіргізді… Мұндай масқара тек жеңуді ғана білетін  Бразилияның ғана емес, жалпы футбол тарихында болмаған… Қысқаша айтқанда БРАЗИЛИЯДАН БАҚ ТАЙДЫ!
Оңтүстікамерикандықтардың Еуропаға кеткен есесін енді Германияға қарсы финалда Месси бастаған Аргентина қайтарып, Месси Марадона ерлігін қайталай ала ма, жоқ па, ол ертең белгілі болады…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз