БҮГІНГІ ГЕРМАНИЯ-АРГЕНТИНА ОЙЫНЫНДА ҚАЙСЫСЫ ЖЕҢЕДІ?

0
96

Кеше ескі компьютерді адақтап отырып, бір хабарландыруға түсе кеткен көзім шырадай жанды! «СРОЧНО! ИНТЕРНЕТ-КАЗИНО ПО ОШИБКАМ РАЗДАЕТ ДЕНЬГИ ВСЕМ ИГРОКАМ!» Осындай хабарды оқығасын, қаланың бүкіл букмекерлік клубтарын жаяу кезіп, аяғым ісіп кетті…

Көршінің баласына «мәшинеңмен алып жүр, кәуап әперем» деп алып шығып едім, қырсыққанда екі көше айналмай-ақ, алдымыздан түтіні будақтаған шашлык кафесі шыға келді… Атаңа нәлет өзбек Тәшмат әшейінде түстен кейін, кешкі салқында зорға ашатын, ораза болса да, бүгін ерте аша қойыпты…  Мына бала да опелін оңтайлы жерге зу еткізіп әкеп, өшіре қойды… Содан шашлык жедік пиязы мен нанын көптеп асап…  Бір жақсысы, Тәшмат қарызға жазып қоя береді. Әйелім айлығын аларда келіп қаныңды ішіп тұрып, қарызын қайтарып алады…  Ыңқиып тойып алғасын көршімнің баласы соткасымен біреумен сөйлесті де, «ойбу, ұмытып кетіппін, запчаст алуым керек еді» деп мәшинесін зыр еткізіп тайып тұрды… Өзінің атын да білмеймін, «Әй, әй!»-деп қала бердім… Біздің ауылда атын білудің қажеті жоқ, «әй»-десең болды, «әу, көке» дейді жас балдар…

Менің өзімнің «ауди» мәшинемді қырсыққанда құдалыққа сұрап мініп кетіп еді кластас ит Сапаш. Еще, мәшинемді мінеді, өзімді құдалыққа қоспайды, атаңа нәлет собакі! Мектепте жүргенде сондай еді, өзінің қаламсабын сиясы бітіп қалады деп  тығып қойып, менен қаламсап алатын қағынған зытқырбай болатын… Бұл жолы да өзінің өзбекше «некси» мәшинесі «бұзылып қалыпты…»

Содан түк таппай үйге келіп, ескі компьютерімді айналдырып отырмын… Сөйтсем, бұл хабарландыруыңның букмекерлік клуб пен футболға түк қатысы жоқ қой деймін… байқап қарасам…  Е-е, құдай, бәрін қойшы, қатынға мейірім бере гөр!  Бүгінгі Германия – Аргентина финалына ақша берсе, Мессиі бар ғой, Аргентинаға бәйге тікпекпін… Сіздер ше? Қайсысы ұтады деп ойлайсыздар? Жақсы кеңеске жақсы үлес беремін ұтқан ақшамнан…  Қапы қалмаңдар!

Рашит АХЕТҰЛЫ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз