Әлемнің ең бай адамы анықталды!..

0
107

Мексикалық миллиардер Карлос Слим жер бетіндегі ең бай адам деп саналады деп хабарлайды Қазақпарат Forbes журналына сілтеме жасап.

Әлемнің ең бай адамы анықталды!..
Карлос Слим. Фото: evotrade.ru

Басылым деректерінше, оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің (79,1 миллиард доллар) қазынасынан 500 миллион долларға көп.

Бұған Слимнің Мексикадағы телекоммуникация саласында негізгі орынды алатын America Movil компаниясы активі құнының өсуі себеп болған. Telmex және Telcel мобильді операторлары активтерінің бөлінуі туралы хабар тарағанда акция бағасы көтерілген.

Мексиканың жаңа заңнамасының талаптары осындай – бір операторға байланыс нарығының 50%-дан артық мөлшерін иемденуге тыйым салынады.

Ол Мексиканың ғана емес, Латын Америкасындағы өзге елдердің де байланыс саласын қадағалайды.

2013 жылы Слимді бай адамдардың көш басындағы орнын, Forbes жорналының пікірінше, Билл Гейтс басқан. Қазір Слим бұл атағын қайта иемденді.

ҚазАқпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз