“ОРАЗА – ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ» емес, РОЗА – МҰСЫЛМАНДАР ҮШІН ҚАУІПТІ!!!

0
494

OLYMPUS DIGITAL CAMERAДенсаулық сақтау министрлігі бас гастроэнтерологы Роза Бектаеваның денсаулығы дұрыс па? Есі дұрыс адам осылай оттай ма? “Мегаполистің”  Анна Выприцких деген тілшісі тұмсығынан сүйрегенге  бастан кеткен  бас гастроэнтеролог тіпті, Құранға күмән келтіреді: «…Медицина мамандары мен мұсылман діні өкілдері біріге отырып, осы мәселені (ораза ұстауды Қ.И.) қайта қарайтын уақыт келген шығар?! Өйткені мен о бастан солай жазылды деп ойламаймын. Мүмкін, біреу Қасиетті жазбаны дұрыс түсіндірмеген болар, бәлкім?!” – деп соғады құдайдан қорықпай… Бұл Оразаның  ережесінен мақұрым сауатсыздар тілші Анна Выприцких пен  бас гастроэнтеролог  Роза Бекетаеваға айтарымыз, Оразаны денсаулығы дұрыс емес адамдар ұстамауына Ораза ұстау ережесінің өзі рұқсат береді… Ал «Ислам шартары бойынша күні бойы кез-келген сұйықтық ішуге болмайды, бұл меніңше, айқын шектен шығу…» – деп сайрайды ол тағы да… Ал исламда күннің ыстығы шілдеде келген қасиетті Оразаны отыз күн ұстап, Құдайға құлшылық еткен  мұсылмандар жәннатқа барады деп айтылады.  Сонда бұл Роза Бектаева Құдай сөзі Құранды «түзеп» ислам қағидаларын «редакцияламақшы» ма?!  (Астапыралла! Алла сақтасын!)

Кезінде ұлттық мүддемізге, тілімізге, ділімізге  де талай қарсы шыққан «Мегаполист» газетінің енді дінімізге теріс пиғылдағы мақаласы «Возможно, настало время пересмотреть норму отказа от воды во время Оразы» -деп аталады. Шамасы, тілші Анна Выприцкихтың мұрындық салып мұрнынан жетектеуі бойынша, бұлар он екі айдың сұлтаны – Қасиетті Оразаның талаптарын өздерінің су ішіп, жеңіл-желпі тамақ жеп  жүре беретін христиандық «оразаларына» апарып қоса салмақшы ғой деймін…  Әйтпесе, бас гастроэнтерологтың бас терісіне қарасаң, Оразаға қарсы шығатындай … елдің денсаулығынан бұрын… өзінің денсаулығын көбірек ойлағаны дұрыс сияқты…

Бұндай діни араздық тудыратын сорақылыққа  Қазақстанның діни басқармасы мен ҚР Дін агенттігі  ресми жауабын беріп, қарсылығын  көрсетуі тиіс деп санаймыз!

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас гастроэнтерологын жүйке аурулары емханасына кезексіз жіберу керек! Денсаулық министрінен осыны сұраймыз!   Яғни, Роза Бектаева айтқандай:  “ОРАЗА – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ҚАУІПТІ» емес, РОЗА – МҰСЫЛМАНДАР ҮШІН ҚАУІПТІ!!!

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз