НЕГЕ ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАЛМАЙДЫ?

0
928

ақпараттық қауіпсіздік

Елімізде түңғыш рет 2012 жылы 30 қазанда ҚР Журналисінің этикалық Кодексі» қабылданды. Осындағы: 1.КӘСІБИ ПАРЫЗ 1.1.Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.»-деген баптағы ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК неге САҚТАЛМАЙДЫ? Біз Атазаңды аттап, Баспасөз туралы заңға бас бұрмай, тіке «ҚР Журналисінің этикалық Кодексіне» маңдай түзегеніміздің себебі, бұдан басқа аталмыш заңдарда «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ұғымын итпен іздесең де, таппайсың…

Осындағы » ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК мүддесі үшін»-деген сөйлемді осы бірінші бапқа екі рет дауысқа салып жүріп енгізген «Қазақ үні» газеті басшысы, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екені белгілі. Сол кезде бұған басқа- басқа емес, мемлекет мүддесіне (ұлттық мүдде деп ұғыңыз) тікелей жауапты, мемлекеттік бюджеттен қаржыланып отырған мемлекеттік басылымдар «Айқын-Литер,,» «Түркістан»бастаған бір топ БАҚ қарайтын «Нұр медианың» сол кездегі басшысы, ана тілінен мақұрым Ерлан Байжанов жалғыз өзі қарсы шығып, масқара болды. Қалғанының барлығы, өзге ұлт өкілдері де, Артур Платоновтарға дейін «Қазақ үні» газеті басшысы Қазыбек Исаны қолдап, бұл сөйлем қабылданды. Сол кезде ғой, «Байжанов неге байбалам салады» деген тақырыптағы мақалалар көптеген басылымдар мен сайттарда жарияланып, Ерланды ел сойып салғаны. Қазыбек Исаның да «Күйгенде екі жазушының баласы, екі Ерланнан (Ыдырысов пен Байжанов) күйдік қой «- деп жазғаны да сондықтан… «Кодекске Қазыбек Иса ұсынған “Ұлттық қауіпсіздікті сақтауға” Ерлан Байжанов неге қарсы болды?» http://www.qazaquni.kz/?p=13676
Мұны неге айтып отырмыз? Көрші Ресейден қаптап келіп жатқан басылымдарды, телеарналарын айтпағанда, өзіміздің қазынадан ел қаржысын қарпып алып отырған «Мегаполис» секілді орыс тіліндегі басылымдардың үнемі ұлттық мүддеге. тілге. дінге қарсы шығуы – осы Журналистік этикалық кодекстегі «ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті» сақтамау, қайта бұзу болып табылады. Мысалы, өткен аптадағы тілші Анна Выприцкихтің Денсаулық сақтау министрлігі бас гастроэнтерологы Роза Бектаеваның мұрнынынан жетектеп жүріп алған «қасиетті Оразаға қарсы , тіпті Құранға қарсы» сұхбатын жариялаған “Мегаполистің” теріс пиғылы осы ұлттық ақпараттық қауіпсіздікке жік салу болып табылады. Сондықтан да Қазыбек Исаның “ОРАЗА – ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІПТІ» емес, РОЗА – МҰСЫЛМАНДАР ҮШІН ҚАУІПТІ!!!» атты қарсы мақаласын ел түгел қолдап, «Мегаполис» пен Роза Бектаеваға қарсы болып жатыр… http://www.qazaquni.kz/?p=26879
Бұл ұлттық ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуының мыңнан бір мысалы!
Ал Сіздер не дейсіздер, құрметті оқырман?

Махамбет ЕРҒАЛИ,
gu-gu.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз