АҚШ Boeing-тің құлауына Ресейдің қатысын дәлелдей алған жоқ!..

0
77

Америкалық арнайы қызметтің басшылары Донецк маңында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing 777 ұшағының құлауына Ресейдің тікелей қатысы барын дәлелдей алған жоқ.

АҚШ зымыранды нақты кімнің атқанын айтып отырған жоқ. Бірақ, олардың пікірінше, сепаратистер жолаушылар лайнерін қателесіп атып құлатқан.

Бұл жайында америкалық арнайы қызметтің жоғары шенді өкілдері кеше өткен баспасөз мәжілісінде баяндады. Олардың айтуынша, ұшақ “Бук” зенитті-зымыран кешенінің көмегімен атқыланған.

Ал, сепаратистерге қару-жарақ Ресей жақтан келіп отыр дейді америкалықтар.

Естеріңізге салайық, 17 шілде күні Амстердамнан Куала-Лумпурге бет алған Боинг-777 ұшағы Донецк маңында апатқа ұшыраған болатын.

Салдарынан оның бортында болған 298 адамның барлығы қайтыс болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз