Борис АНИКИН: «ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӘР АДАМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУІ КЕРЕК!

0
53
Борис АНИКИН, ақын, Ресей Жазушылар одағы мүшесі

Орыс халқының озық ойлы өкілдері қай кезде де өздерінің әділдігімен белгілі болған. Олар қай жерде болса да, негізгі ұлтқа- жергілікті елге үстемсуге құмар шовинистерді тиып отырған. Солардың бірі  белгілі ақын, «Золотое перо России» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Борис Петрович Аникин. Ол Өскемендегі «Элегия»  әдеби-өнер клубының жетекшісі. Борис Петрұлы qazaquni.kz ұлттық порталындағы  “НЕ ЗНАТЬ ЯЗЫКА СТРАНЫ ПРОЖИВАНИЯ МОЖЕТ ИДИОТ или ОККУПАНТ!.. Карл Маркс.»  атты мақалаға өз үнін қосыпты. Оқып көрелік:

«Я член союза писателей России. Автор нескольких поэтических сборников. Я упорно изучаю казахский язык. Считаю, что каждый человек, который проживает в Казахстане, должен знать государственный язык, чтить культуру и обычаи этой великой нации. Сам Лев Толстой и Достоевский, приклонялись перед тюрками. Анна Ахматова потомок последнего хана Золотой Орды Ахмата. Казахи великий и воинственный народ. А мой совет администраторам сайта. Не надо морочить голову по шовинистским постам всяких “1234″. Удалите их к чертям собачим. Призываю всех изучать казахский язык!!!» -деп жазады   Борис Аникин.  http://www.qazaquni.kz/?p=27232

Міне, бұл нағыз зиялының озық  үлгісі дерлік қайрат көрсету! Айтулы ақын Борис Аникиннен тек өзге ұлт өкілдері ғана емес, мемлекеттік тілді қақпайтын өзіміздің биліктегі  министрлер мен шенеуніктер бастаған барлық орыстілді қазақтар да үлгі алуы керек.

Ақын Аникиннің алтын сөзіне барлық қазақстандықтар қосылуы тиіс деп білеміз.

Қазыбек ИСА

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз