Украинаның үкімет басшысы ауысты!

0
42

Украина премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып вице-премьер Владимир Гройсман тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат.Украинаның үкімет басшысы ауысты!

“Үкімет отырысында премьер-министрдің м.у.а болып Владимир Гройсман тағайындалды”, – деп жазды Украина ІІМ басшысы Арсен Аваков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұдан бұрын Украина премьері Арсений Яценюк Жоғарғы Радада өзінің отставкаға кететіні жөнінде айтқан. Трибунадан сөз сөйлеген Яценюк оның үкіметі қазіргідей орын алған жағдайда қолдан келгеннің бәрін істегенін айтты.

Ол 2014 жылы 27 қаңтарда “Еуропалық таңдау” депутаттар фракциясының парламенттік коалиция құрылған соң үкіметті басқарған. Жоғарғы Рада өкілі Александр Турчинов кешкі жалпы отырыста бұл коалиция өз ісін тоқтатқанын жариялады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз