ГРАНТ 2014 ТІЗІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ. Ол qazaquni.kz сайтында ЖАРИЯЛАНАДЫ

0
239

Қазір елдің бәрінің күткені 2014 жылғы Жоғары оқу орындарына қабылданған мемлекеттік ГРАНТ тізімі. “Қазақ үні” газетінің  www.qazaquni.kz сайтына кіріп: “Грант тізімі қашан жарияланады? Мен оқуға түстім бе, біліп беріңіздерші?” деген елде есеп жоқ. Барлық талапкердің арманы – қалаған оқуына түсу.

    «Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi», – дейдi министрлiктің бапасөз қызметі.
Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант – педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес және Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізудің бекітілген кестестінің негізінде республика бойынша ҰБТ 2 және 8 маусым аралығында өткізілді.

Тестілеу республиканың барлық облыс орталықтарында және көпшілігінде аудан орталықтарында орналасқан 155 тестілеуді өткізу пункттерінің базасында өткізілді.

Тестілеуге қатысуға өтініш берген 92086 бітірушінің 87593-і тестілеуге қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61678, орыс тілінде – 25915 бітіруші.

Тестілеу нәтижесі бойынша 20232 бітіруші (23,11%) өту деңгейі – 50 балдан аса алмаған, соның ішінде 14746 қазақ тілінде және 5486 орыс тілінде оқитындар.

4660 бітіруші 90 балдан жоғары (конкурстық пәндер бойынша) жинаған. 4 бітіруші ең жоғары 125 балды жинаған.

Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 29 бітіруші аудиториядан шығарылып, олардың тест нәтижелері жойылды.

Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ-ға қатысушыларға пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі балды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы болды.

2014 жылғы мемлекеттік грант тізімі алдағы аптада  толық анықталып бітеді. Жалпы қорытындысы  11 тамызда  ең алдыңғылардың қатарында  www.qazaquni.kz  сайтында жарияланатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар,  гран тізімін  www.gu-gu.kz   сайтынан да таба аласыздар. Қапы қалмай, қадағалап отырыңыздар. Жақсы жаңалық – жарқын жақсылыққа елден бұрын куә болғаныңыздың өзі де бір керемет емес пе!?

Үміткерлерге сәттілік тілеп, алдарынан Ақ жол ашылуын тілейміз!

                                                                                                                                  www.qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз