Кеден одағы елдерінде 5-10 жыл ішінде бірыңғай валюта пайда болуы ықтимал. Бұл туралы Татарстанда өткен Халықаралық білім форумы барысында Ресейдің бірінші вице-премьері Игорь Шувалов айтты.

“Еуразиялық экономикалық одақта жаңа валютаның пайда болуы таңқаларлық емес, бұл – уақыт талабы”, – деді Шувалов.
Еске салайық, мамыр айында Ресей, Беларусь және Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойған. Ол 2015 жылдың бірінші қаңтарында күшіне енбек.
“Кеңес одағы құлаған кезде, рубльдің де қауқары құлдырады. Сол кезде біз бірыңғай экономикалық кеңістікті қираттық. Ал енді әрбіріміз жеке-жеке мемлекет болып қалғанымызбен, бірлескен кеңістікті қайта жандандырудамыз. Әйтсе де, Ресей Федерациясы дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қала беруі керек”, – деді Шувалов.