Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды!

0
111

Грузия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Baq.kz.

Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды!..
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили
Оны өз қызметін асыра пайдаланып, жәбірленушінің ар-намысын аяққа таптады деп айыптап отыр. Егер айыбы дәлелденсе экс-президент 8 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Саакашвили 2007 жылдың 7 қарашасында шеруге шыққандарды күшпен басып, “Имеди” телекомпаниясы ғимаратының бүлінуіне және кәсіпкер Бадри Патаркацишвилидің мүлкін тартып алды деп те айыпталған.

Қылмыстық іс сондай-ақ Саакашвилидің кезінде Ішкі істер министрі болған Мерабившили, экс-прокурор Давид Кезарашвили, бұрынғы қорғаныс министрі Гиги Укулаваның үстінен де қозғалуда.

Михаил Саакашвили бүгін прокуратураға шақырылған. Алайда, ол бұл шақыртуға жауап қатқан жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз