Әйеліңе тіл тигізсең, үш тәулікке қамаласың!..

0
39

Павлодар облысында Ақтоғай аудандық соты мас күйінде бірге тұратын әйеліне тіл тигізген А. есімді азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарладыpavlodarnews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйеліңе тіл тигізсең, үш тәулікке қамаласың!..
Фото: lady.nur.kz, ссора

Оған қоса ер азамат күш қолданатынын айтып қорқытқан. Сот отырысында ол өз ісін толық мойындап, өкінетінін білдірді.

Аудандық сот бұл іске қатысты айыптыны ҚР ӘҚБтК-нің 79-5-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш тәулікке қамау жазасын қолданды.

BNews

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз