“Дауыс International” тобының бұрынғы әншісі Жадыра Құтпанова үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімбетке сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түскен болатын.
Әнші Бостандық ауданы ІІБ ғимараты алдында мінезін көрсетіп, бір тәртіп сақшысының киімін жыртса, келесісінің қолынан тістеп алды.
30 шілде күні сот қаулысымен Жадыра Құтпанова әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылды.