Назарбаевты алаңдатқан қандай мәселе?!.

0
48

“Астана Украинадағы жағдайға байланысты Батыс пен Ресейдің арасындағы шиеленіске өз ресми ұстанымын білдірмек. Оның қандай болатыны бүгін Ақордада келісілді” деп хабарлайды КТК арнасы.

Назарбаевты алаңдатқан қандай мәселе?!.Еңбек демалысынан шыққан Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордаға премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин мен көмекшісі Ербол Орынбаевты жинап соңғы 7 айдағы елдің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін сөз етті.

Осы жерде Елбасы Украинадағы қақтығыстың Қазақстан экономикасына әсер ететінін және жағдайдың өте қиын екенін жасырған жоқ.

Экономикасы Ресеймен біте қайнасқан Қазақстанды, ең жақын одақтас мемлекетке салынып жатқан санкция алаңдатып отыр.

Сондықтан әлемдегі ахуалды ескерген мемлекет басшысы жақын арада премьерге Үкіметті толық құрамда жинауды тапсырды.

“Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандай мәселелерді талқылап қандай мәселелерді шешетін боламыз әңгіме осы жөнінде. Екінші мәселе мынау Ресеймен Батыстың арасында болып жатқан жағдай. Қазақстанның позициясы осы арада қандай болатынын қарауымыз керек”, – деді президент.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз