Мүслім Оңдағанов оны екі жылға сотталды!

0
60

БҚО-ның облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов пен жоғары спорт шеберлігі мектебінің бұрынғы директоры Меңдіхан Жәкеновке қатысты қылмыстық істің үкімі жария болды.

Мүслім Оңдағанов оны екі жылға сотталды!

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдары Мүсілім Оңдағанов пен Меңдіхан Жәкеновті ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және өңірде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлаған деп айыптаған.

Сот Мүсілім Оңдағановты Қылмыстық Кодекстің 235-бабы 3-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру), 176-бабы 3-бөлігі “а, б, г” тармақтары (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 314-бабы 2-бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) бойынша қылмыс жасады деп танып, оған мүлкін тәркілеумен 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, мемлекеттік мекемелерде бес жыл еңбек ету құқығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге соттады.

Сот Меңдіхан Жәкеновті Қылмыстық Кодекстің 235-бабы 3-бөлігімен әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп таныды.

Меңдіхан Жәкенов Қылмыстық Кодекстің 176-бабы 3-бөлігімен сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік мекемелерде бес жыл еңбек ету құқығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұйымдасқан топ құрып,170 млн астам бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған Мүсілім Оңдағанов 12 жыл, Меңдіхан Жәкенов 11 жыл, сондай-ақ Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталған болатын.

Ал Мүсілім Оңдағанов пен Меңдіхан Жәкеновке кейін қосымша эпизодтар бойынша айып тағылды. Яғни олар 2007-2008 жылдары бюджеттен 11 млн астам теңге тағы ұрлаған. Бұл ол екеуінің бұрын айыпталған кезеңінде жасалғандықтан, жаза мерзімі өзгерген жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз