Ғалымдар Алматыда тағы да сел жүру қаупін жоққа шығармайды

0
76

Алматыда сел жүру қаупі сейілген жоқ. Бұл туралы география институтының басшысы 7 арна тілшілеріне мәлімдеді.

Ахметқал Медеудің айтуынша, Мәншүк Мәметова мұздығындағы “нөмірі алтыншы” көл қауіп төндіруі мүмкін. Алайда “Қазселденқорғау” мекемесінің мамандары “алаңдауға негіз жоқ ондағы су деңгейі қатаң бақылауға алынған”, – дейді.

“Қазселденқорғау” мекемесінің сектор меңгерушісі Әділхайыр Ишанов: “Үшінші жыл қатарынан біз көктем мезгілінде “нөмірі алтыншы” көлдегі  суды ағызып келеміз. Оған арнайы арық та қазылған болатын. Сондықтан сел жүреді деп дүрлігудің қажеті жоқ”, – дейді.

Алайда география институтының директоры сел жүру қаупінің бар екенін жоққа шығармайды.  Ахметқал Медеудің айтуынша, апаттың алдын алу үшін “алтыншы  көлге” жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізу керек екен.

Өйткені Талғарды басқан топан су дәл осы ғылыми зерттеудің жоқтығынан болған көрінеді. Яғни еріген мұздықтардың суы жылдар бойы жер астына жиналып, сіңетін жер болмағандықтан жарып шыққан.

“Мұздықтарды, көлдерді зерттеу керек. Ең бастысы тау жыныстарын зерттеу керек. Ол тау жыныстарының арасында қатып қалған мұздар бар. Мұздар ерігеннен жер астында каналдар пайда болады. Сол каналдар жабылып қалғанда су көлдің ықпалымен бұлып, сел жүреді”, – дейді БҒМ география институтының директоры Ахметқал Медеу.

Ғалымның айтуынша, мұндай зерттеулер барлық  қауіпті аумақтарда жүргізіліп, картасы сызылуы тиіс екен. Яғни соған қарап жыл сайын өзен-көлдер мен мұздықтардағы өзгерістерді бақылап отыруға болады.

“Алайда бұл жұмыстарды жасауға қаржы бөлінбейді”, – дейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз