Қазақстан геологиялық барлауға триллион теңге бөледі!

0
43

2020 жылға дейін Қазақстан геологиялық барлауға триллион теңге бөледі. Бұл туралы Алматыда өткен жер қойнауын барлау, қорғау және пайдалану бойынша ТМД-ға мүше елдердің үкіметаралық кеңесінен кейін елдің индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

Қазақстан геологиялық барлауға триллион теңге бөледі!Бұл туралы BNews.kz easttime.ru-ға сілтеме жасап хабарлады. Қазақстан 2020 жылға дейін, индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 120 миллиард теңге бөлмек. Сондай-ақ аталған салаға 900 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда.Ұлттық геологиялық барлау саласын дамытуға қаржы бөлетін негізгі инвесторлар “Қазмырыш”, “Қазақмыс” сияқты ірі компаниялар болмақ. Олар алдағы бес жылдың ішінде 900 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлуі тиіс.Айта кету керек, бұдан бұрын мұндай компаниялар геологиялық барлауға барлық инвестицияның көп дегенде бір пайызын бөліп келген. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 17 мамырында Қазақстан үкіметі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын мақұлдады.

BNews

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз