«Жалған ақпарат, жалған есеп беру әлі күнге жалғасуда»

0
88

Тамыздың 3-і күні «Азия» бизнес орталығында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев партия активімен, жергілікті кәсіпкерлермен және сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазіргі таңда өзекті мәселелер – Украинадағы жағдай, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі, ұлт тілі, Еуразиялық экономикалық одақтың елімізге берері, отандық тауар өнімдері, кәсіпкерлерге қолдау көрсету,оларға несие беру саласындағы мәселелер, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің субсидия алу барысындағы қиындықтары және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, ой-пікір алмасты.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы фракциясының төрағасы А.Перуашев партияны бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында «Ақ жол» партиясының атқарған жұмыстары туралы да айтып өтіп:

«Бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында халқымыз үшін, бизнесіміз үшін өте маңызды мәселелер көтерілді. Оның ішінде Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы, Салық кодексінің жобасы және басқа да маңызды заңнамалар қабылданып, қомақты, жүйелі жұмыс жүргізілді деп ойлаймын. Әрине, біздің ұсыныстарымыздың барлығы орындалып жатыр деп айта алмаймыз, өйткені біз 107 депутаттың арасында сегіз-ақ депутатпыз. Дегенмен біздің даусымыз естіліпті. Біз көтерген бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Сондықтан біз сайлаушыларымыздың бетіне тура қарай аламыз деп айта аламын» – деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, Азат Тұрлыбекұлы осы сессия барысында «Ақ жол» партиясының атқарған жұмыстарына кеңірек тоқталып өтті:

«Жасыратыны жоқ, бізде көбіне қағаз жүзінде бәрі керемет, жақсы болып көрінеді, ал іс жүзінде мүлде кереғар жағдайлар болып жатады. Жалған ақпарат, жалған есеп беру әлі күнге жалғасуда. Мысалы, естеріңізде болса, былтырғы жылы халықты жұмыспен қамту мәселесіндегі бюрократизм төңірегінде біздің партия қомақты мәселе көтерген болатын. Тиісті органға есеп берген кезде қаншама адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздықтың қанша пайызға кемігені туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың орнына, қаншама жаңа жұмыс орындары ашылып отырғаны туралы мәліметті шенеунік емес неге сол жұмыс орнын ашқан кәсіпкерлер бермейді. Егер кәсіпкер қанша адамды жұмыспен қамтитындығы туралы мәліметті өзі беретін болса, шындыққа сәйкес болар еді. Осы ретте біз шетелдік тәжірибені мысалға келтірген болатынбыз. Шетелде кәсіпкер жұмыс орнымен қамтамасыз етсе, мемлекет жалақысын төлейді, осылай кәсіпкерге қолдау көрсетіледі, әрі жұмыссыздық санын қысқартады.

Өкінішке орай, біздің көптеген депутаттық сауалдарымызға сырғытпа жауаптар келеді, немесе мән берілмей қалады. Бұл жөнінде де біз депутаттар көтерген мәселелерге Үкіметтің берген  формалды жауаптарына байланысты депутаттық сауалмен шықтық.

«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Парламенттік мінбені пайдалана отырып, Үкіметтің және нақты министрліктердің әрекеттерін тұрақты және дәлелді сынап жүргеніне дәлел ретінде айта кетейін, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 11-ші қазанында ешкімнің бет-жүзіне қарамай, жол беруге болмайтын кемшіліктерді атап көрсетіп, үкіметтің жұмысын өткір сынға алды. Бұл сын біз үшін тосын болған жоқ. Керісінше: «Ақ жол» Демократиялық партиясы бұл сынды қолдайды, мемлекеттік органдар үшін көптеген жағымсыз деректердің бетін ашып, Президент мемлекеттік билік жүйесінде, Ата заңымызда  бекітілгендей, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін нақты қамтамасыз ететінін және өзінің қарапайым адамдардың жағында екенін тағы да бір көрсетті деп есептедік.

Шын мәнінде, Президент үкіметке қатардағы азаматтардың және қатардағы кәсіпкерлердің не деп жүргендерін айтып берді, олар күнделікті өмірде осы проблемалардың барлығына тап болып жүр.

Мен бұл әңгіменің біз үшін неге тосын болмағанына нақты мысалдар келтіремін.

1) Мәселен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіндегі сорақы жағдайлар туралы «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметке және бас прокуратураға а.ж. 13 ақпанында және 19 маусымында ресми депутаттық сауалдармен екі мәрте шықты.

Көптеген БАҚ бұл пікірталасты  жариялады, маған Банк басшылығына кінә қоюға қатысты әртүрлі басылымдарға  бірнеше рет түсініктемелер беруіме тура келді.

Оның үстіне, ҚР өңірлік даму министрлігінен министрдің міндетін атқарушы Нокиннің атынан біз, «Ақ жолдың» депутаттарымен айтылған деректер дәлелденбеді, банк басшылығы және олардың туыстары «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерді заңды түрде алған және бәрі керемет» делінген жауап алдық.

Егер осы мәліметтер Елбасына дейін жетпегенде, онда ешкімде осындай теріс пайдаланушылықтың заңсыздығын және  моральдық жағынан жол беруге болмайтынын дәлелдей алмас еді, себебі бір шенеунік басқаларын жасыратын  жең ұшынан жалғасушылық  қағидасы іске қосылды.

2) Облыстық әкімдіктердің жанындағы өңірлік кеңестерде мақұлданып қойған жобалардың өзі уәде етілген мемлекеттік қолдауды ала алмайтын жағдайға жеткен «Жол бизнес картасы – 2020» бойынша жобаларды қаржыландырудың кемшіліктері туралы ресми депутаттық сауал «Ақ жол» партиясының фракциясымен а.ж. 1 қазанында жарияланды.

Өзіміздің сауалда,  тіпті бағдарламаға бөлінген қаражат болмағанның өзінде, кәсіпкерлікті қолдаудың басқа мемлекеттік бағдарламаларының барлығына тексеріс жүргізу және олардың ішіндегі ең табысты және сұраныстағысына қаражатты қайта бөлу қажет, Бизнестің жол картасы-2020 осындай бағдарлама болып табылатынын көрсеткенбіз.

3) Осы сауалда «Ақ жол» ҚДП фракциясы, қажетті қаражатты табу үшін, қаптап кеткен жобаларды қаржыландыруды қысқартуды ұсынған. Онда, жұмысқа қосылғанына үш жыл өткенен кейін де жеңіл самолеттерді шығаруды бастамаған Қарағандыдағы «ҚазАвиаСпектр» зауыты жөніндегі жағдай тікелей көрсетілген. Сән-салтанатты таныстырылымнан кейінгі бұл әрекетсіздік, қазірдің өзінде өнім шығарып, бірақ уәделі қаржыландыруды ала алмай отырған көптеген басқа кәсіпорындарда түсінбестік тудырды.

Біз тұрып қалған жобаларды қаржыландыруды қысқартып, босаған қаражаттарды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қарай бұруды ұсынғамыз.

4) Кедендік одақтағы отандық келіссөз жүргізушілердің деңгейіне қатысты проблемаға келсек, Елбасының қатысуымен өткен үкіметтің қатты сыналған отырысының алдында ғана, 9 қазанда, «Ақ жол» ҚДП фракциясы қазақстандық шенеуніктердің Кедендік одақтың келіссөздер процесіне  енжарлықпен және шоғырланбай қатысуы қазақстандық бизнестің және ұлттық экономика мүдделеріне нұқсан келтіретіндігі жөнінде депутаттық сауалмен шыққан.

5) «Ақ жолдың» депутаттары Президентпен көрсетілген бюджеттік жобалардың қымбатқа түсуі проблемасы бойынша Бюджеттік кодекске түзетуді талқылау барысында сын айтқан.

Үкімет кейінге қалдырылатын шарттарымен бюджеттік инвестициялар туралы нормалардың жаңа редакциясын енгізеді.   Ол бойынша, егерде алдын ала тапсырыс берілген соманың асып кеткені анықталатын болса,  бюджетті өсіру жолымен өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер жобаның құны қарастырылғаннан аз болған жағдайда, онда өкілетті орган «қалдықтарды» өз қалауынша қайта бөлу құқығына ие болады. Мұндай тәсілдеме жобалардың құнын жасанды көтеру бойынша, «артылған қаражат» деп аталатынды басқа мақсатқа одан әрі қайта бөлу үшін бақыланбайтын мүмкіндіктер жасайды.

«Ақ жол» партиясы бюджет қаражатының осыншама еркін және бақылаусыз жұмсалуына түбегейлі қарсы болған және қарсы болады.

Ел үшін, экономика үшін – кезекті бастықтың аты-жөнінің кім екендігінен келіп-кетер ештеңе жоқ. Маңыздысы, шенеуніктің лауазымдық міндеттерін және Президенттің нақты тапсырмаларын айқын және нақты орындауы керек. Нұрсұлтан Әбішұлының 11 қазанда айтқан кейбір тапсырмаларын  еске саламын:

1)  Мәселен, кәсіпкерлікті қорғауды бағалай келе, Елбасы келесіні айтты (цитат келтіремін): «Тексерулерді оңтайландыруды қарастыратын тәуекелдерді басқару жүйесі, мемлекеттік органдардың әрқайсысының өз қалауынша құрылған. Олар бірыңғай әдістемеліктерсіз жұмыс істейді». Осыған байланысты не істеу керек? Тез арада қалыптасқан тәртіпті қайта қарау және тәуекелдерді бағалауды бірыңғайландыру керек, сонысымен олар адал бизнес үшін шарттарды жеңілдетуі керек, керісінше емес.

Нақты мысал келтіремін:  Мәжілісте қазір «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасымен жұмыс аяқталып келеді, екінші оқылым 20 қарашаға жоспарланған. Осы заң жобасында Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен «тәуекелдерді бағалау жүйесі» заңдастырылады, оған сәйкес бақылаушы органдардың тексеруінен құтылуды қалайтын Өртке қарсы комитет сияқты кәсіпорындар, ТЖМ-де аккредиттелген «тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды» жүргізетін әлдебір жеке ұйыммен коммерциялық шарт жасауы қажет.

Бұл – тікелей заңнамамен, Президент жарлықтарын қоса алғанда, рұқсат етілмеген, мемлекеттік бақылау қызметін коммерцияландырудың нағыз өзі.

Негізінде, тәуекелдерді бағалау жүйесі, Президент әділ атап өткендей, оңтайландыру, тексерулерді қысқарту үшін енгізілген. Ал, ТЖМ кәсіпорындарды оларды тағы да тексермес үшін төлеуге мәжбүрлей отырып, бұдан сауын сиырды қалай жасауды ойлап тапты.

Мұндай «жаңашыл идеялар» осы заңда жетіп артылады.

Мысалы, кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған моратирийге қарамастан, заңда тексеруге құқылы мекемелер саны шұбырып жатты, біздің ұсыныстармыздан соң бұл тізім екі есеге қысқарды.

Министр Божко біздің сынымыздан кейін баспасөзде, «Ақ жолдың» ұсыныстары  азаматтық қорғаудың қолданыстағы жүйесіне қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Мен бірден оның өзін тікелей эфирде біздің заңға деген талап-тілектерімізді талқылауға шақырдым, алайда ол үнсіз қалды. Ал, бізге миллиондаған халқы бар қаланы жер сілкінісі дүр сілкіндіріп, мегаполис әуре-сарсаңға түскенде, министр бұл туралы оны оятқан вице-премьерден біліп жататын мұндай жүйенің керегі жоқ.

Айтып келтіре беретін болсақ, мысалдар жеткілікті. Бірақ мен айтылғаннан туындайтын екі принципті мәселеге Сіздердің назарларыңызды аударғым келеді.

Біріншіден: 11 қазандағы Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмалар, сын және нұсқамалар – үкімет мүшелерінің алдын ала білуі мүмкін болмаған, қандай да бір аяқ астынан болған дүние емес.

Бұл Президентпен егемендіктің барлық жылдарында дәйекті және  жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан стратегиялық желі, ол өзіне әлеуметтік-экономикалық үздіксіз өрлеудің міндеттерін, сондай-ақ кәсіби және жауапты үкіметті қалыптастырудың міндеттерін де қосады.

Бұл міндеттер ұзақ мерзімді, бірақ оларға атқарушы режімде  бара-бар баға беру үшін үкімет мүшелеріне кезекті қатты сөгулерді күтудің қажеті жоқ, тек қана 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын мұқият зерттеуі, және оларды өздерінің төл міндеттері сияқты қабылдауы керек. Өйткені елдің және қоғамның дамуымен – үкімет те өсуі тиіс.

Екіншіден – мен келтірген бірқатар нақты мысалдар, өзгеріп тұратын жағдайларда үкіметтік құрылымдарға қарағанда, парламенттік фракциялар тарапынан әлдеқайда жеделдікпен әрекеттер жасалатынын айқын көрсетеді.

Бұл парламенттік бақылау және президент әкімшілігі мен үкіметтің парламенттік фракциялармен өзара әрекеттесуі шараларының қажеттілігін тағы да айғақтай түседі. Оның үстіне мұны биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы теңгерімін көп партиялы парламенттің өкілеттігін күшейту жағына қарай теңестірудің пісіп-жетілген қажеттілігі туралы мемлекетке және қоғамға берілген дабыл деп түсіну керек».

«Ақ жол» ҚДП ОҚОФ 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз