Армения Еуразиялық одаққа осы жылдың күзіне дейін қосылады

0
37

Армения президенті Серж Саргсян Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы шартқа биылғы жылдың күзіне дейін қол қойылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Еуразиялық коммуникациялық орталық.

Армения Еуразиялық одаққа осы жылдың күзіне дейін қосылады

“Біз ЕАЭО-ға осы жылдан бастап мүше боламыз деп еш болжамадық. Алайда біз биыл шартқа қол қоймаймыз деп ойламаймын. Қол қоямыз деген ойдамын. Мүмкін, күзге дейін. Көрерміз”, – деді Саргсян Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен болған кездесуден кейін “Армньюз” телеарнасына берген сұхбатында.Армения басшысы Ресей президентімен болған кездесудің мазмұнына көңілі толатынын жеткізді деп хабарлайды BNews.kz.

“Таяуда біз нәтижесін көреміз”, – деп атап өтті ол.Сондай-ақ оның айтуынша, Ресейдің бірқатар елдерге қатысты жариялаған экономикалық санкциялары Арменияның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашады.

“Бір жағынан, кейбіреулер Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкциялар Арменияның экономикасына да кері әсерін тигізуі мүмкін деп айтып жүр. Өйткені екі ел экономикасы өзара етене байланысты. Мен бұл пікіріді жоққа шығара алмаймын. Алайда бұл тек пікір ғана”, – дейді Саргсян.

“Ресейдің де жайбарақат отырмағанын ескеруіміз керек. Ол да басқа мемлекеттерге қарсы санкциялар қолдануда. Бұл дегеніміз, біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ресейлік нарықта үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Біз адамдардың өнімді көбірек өндіруі үшін оларды ынталандырып отырамыз. Өнімнің Ресейде сатылуы үшін барлық жағдайды жасаймыз”, – деп атап өтті Армения президенті.

BNews

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз