Финляндияның Уусимаа аймағындағы мұсылмандар о дүниелік болғандарды қоятын жер таппай дал. Қаншама жылдар бойына лютеран шіркеуінің моласына мұсылмандарды жерлеп келген фин мұсылмандары 2008 жылдан бермен қарай мұсылмандар қорымына лайықты жер іздеумен келеді.

Алты жылдың ішінде Финляндияның оңтүстігінде орналасқан Уусимаа облысына қарасты жалпы саны 16 қала мен елді мекеннің мұсылмандары осы сұраныспен билік алдына жиі барыпты деп хабарлайды BNews.kz E-islam.kz-ке сілтеме жасап.Алайда, әзірге нәтижесі болмай тұр. 5,2 млн финляндиялықтың 40-45 мыңы исламды ұстанады. “Islam-today” ақпараттық порталының хабарлауынша Фин еліне ислам 19 ғасырда Балтық жағалауын жайлаған татарлар арқылы тараған.Олар мұнда сауда ісімен және сарбаз ретінде келген деседі. Соңынан олар өз отбасыларын да көшіріп алған.