Б. САПАРБАЕВ Астаналық экс-шенеуніктерді аудандарға жұмысқа шақырды

0
73

Астаналық шенеуніктерге облыс түгілі, аудандардағы басқару мектебі артықтық етпейді. Бұндай пікірді Астана арнасының тілшілерімен тілдескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Б. САПАРБАЕВ Астаналық экс шенеуніктерді аудандарға жұмысқа шақырды

“Өңірлерге барып, қызмет ету шенеуніктер үшін өте пайдалы сабақ болар еді”, – дейді облыс басшысы.

Кейбір сарапшылардың айтуларынша, үкіметтің қайта жасақталуы бірқатар шенеуніктерді жұмыссыз қалдырмақ. Бұл Астана мен Алматы ақ жағалыларына ғана емес емес, өңірлік атқамінерлерге де қатысты. Шенділерге өңірлерден тәжірибе жинау керектігі жайлы мемлекет басшысы да бірнеше мәрте айтқан болатын.

Журналистердің “Астаналық әріптестерден жұмыс сұраған өтініштер түсті ме”, – деген сауалына Бердібек Сапарбаев “өкінішке орай, әзірге түскен жоқ” дей келе, шығыс өңір елордалық қызметкерлерді құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

“Қысқарған министрліктердің білікті мамандары келсе жақсы болар еді. Әсіресе экономика саласына. Алайда, әзірге ұсыныстар жоқ, біз ынтымақтасуға әзірміз. Олар үшін бұл тәжірибе ең жақсы мектеп, өңірлерде елордалық кеңселерде көрмеген сабақты алады. Және мен шенеуніктерге тек облыс орталықтарына ғана емес, қала мен аудандарға баруға кеңес беремін. Сол жерде қызу жұмыс, тіршілік. Қорқудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды жасаймыз”, – деді ШҚО әкімі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз