Әйел жүргізушілер үшін жеке жол салу ұсынылды!..

0
354

Британдық Sheilas’ wheels сақтандыру компаниясы әйел жүргізушілер үшін арнайы жолақтар салуды ұсынды, деп хабарлайды Metro. Фирма өкілдері бөлінген жолақтарды қызғылт түске бояп, арнайы белгілер орнату керек деп есептейді.

Әйел жүргізушілер үшін жеке жол салу ұсынылды!..

Олардың айтуынша, бұл жол үстіндегі апат санын азайтып, әйелдер мен ерлер арасындағы қақтығыстың алдын алады деп жазады BNews.kzшетелдік БАҚ-қа сәлтеме жасап.

Егер бұл ұсыныс қолдау табатын болса, жобаға 880 млн фунт немесе 1,5 млрд доллар қажет болады. Сондай-ақ сақтандырушылар бірқатар эстакадаларды да әйелдердің толық иелігіне беру керек деп отыр.

Оған қоса, қоғамдық көліктерге арналған жолақтар тәрізді, әйелдердің жолын да демалыс және мереке күндері баршаға қолжетімді етуге болады. Sheilas’ wheels компаниясы 2005 жылы құрылған.

Сақтандыру компаниясының негізгі қызметі әйелдерге бағытталған. Мәселен, нәзік жандылардың көлігінен сөмкесі ұрланатын болса, оған компания өтемақы төлеуге дайын. 2008 жылдан бастап әйелдердің жылжымайтын мүлкін сақтандыру қызметін ұсынып, 2010 жылдан бері шетелге сапарға шығатын қыз-келіншектерге сақтандыру сатуды қоға алды.

Sheilas’ wheels компаниясының сүйікті түсі – қызғылт.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз