Бірнеше күн бұрын ақпарат құралдарында Англия тұрғындары Қазақстан жайлы не білетіні туралы мақала жарияланды. Британдықтар Қазақстан десе Борат пен Шыңғысханды еске алады екен. Олар білетін «қазақтар» – ойдан шығарылған кейіпкер Борат пен Шыңғыс хан болса, голландилықтар нағыз қазақтарды жақсы біледі екен.
Әсіресе, әйгілі Қызыл шам көшесіндегілер қазақты алыстан танып, туған бауырын көргендей қуанып, «Қазақ, дафай» деп айқалайды екен.
Куәгерлердің айтуынша, Амстердамның өзге аудандарында Қазақстанды көп адам біле бермейді. Біздің елдің Орта Азияда орналасқанын, жер көлемі жөнінен әлемде 9-орында екенін, мұнайымыз көп екенін, жаңа астана салып жатқанымызды, Н.Назарбаев президентіміз екенін, олимипиадаларда, әсіресе Лондон олимпиадасында 7 алтын алғанымызды ұзақ айтып, түсіндіруге тура келеді. Кейбірі бәрібір түсінбеген күйі қалады. Себебі, олар бұған дейін Қазақстан деген елді мүлдем естімеген немесе естісе де мән бермеген.
Есесіне, Қызыл шам көшесінде қазақтар аса танымал. Ақшаларының көптігімен, дарақылығымен және бикештердің бәріне аңсары ауатын нәпсіұмарлықтарымен танымал болыпты. Міне, осылай біздің ақшалы ағайындарымыз еліміздің атағын «дүркіретіп» тұр.
Ал Сіздер болсаңыздар атымызды Сәбина Алтынбекова, Қанат Іслам, Генадий Головкиндер шығарып жүр деп мәзсіздер.
Е, аңқау қазағым-ай!
«Шын-ақпарат»